Сәуле Досжан
109
– Қайратжан, Сағымбайдың қызын алып қаш. Олар біле
ме екен, сенің əкең – Өсердің оқу кəмесəрі болғанын. Тегің
жақ сы. Шешең – Раушан ауылдағы ең сұлу қыз болған, мұ-
ға лім дік қызмет жасады. Қызбен қорқпай сөйлес, соны айт.
Кол хоз дың қызын сен алмай кім алады, – деп қолтығына су
бүр кіп қойды. Нағашысының өзінен үш жас үлкен ұлы Бек-
жан əскерден келісімен сол ауылдағы бір қызға үйленіп ал-
ған. Жеңгесінің аты – Ақшəйі. Сол жеңешесі де қояр емес.
– Мен ол қызды жақында демалысқа келгенінде шы ға рып
беремін, – деп қояды.
Нағашысы əжесіне барғанда құлаққағыс етіп қойған екен,
əжесі «ұлы іске» кірісіп кетті. Шалқарбайдың бойжетіп қал-
ған қыздарына үй əктетіп, Люда тəтесіне көрпе-төсек қақ ты-
рып қойыпты. Баяғы майданнан Шалқар көкесіне еріп ке ле-
тін санитарка Люданың бұл күнде үш ұл, екі қызы бар. Өзі
бес биенің сабасындай бəйбіше болған, қазақша сайрап тұр.
Сол жыпырлаған балақандар аулаларын сыпырып жүр.
Қайратжан тракторын тоқтатып қақпадан кіргенде мына
абыр да сабыр тіршілікке таң қалды.
– Келін қане, қайным, – деп қояды тіпті Люда тəтесі. Үйге
кірсе Науат апасы мен əжесі ақ самаурынды ортаға алып
шəй ге отырыпты. Əжесі атып тұрып, етегіне сүрініп «ер ке-
ле ту дің жырын» бастап кеп жіберді дейсің.
– Ой, түріңнен айналдым, келіншек əкелуге жараған, жі-
гіт болғаныңнан садаға кетейін, қарашаңырағымның иесі... –
деп бастап келе жатыр еді, Қайрат бөлмені əктеп жатқан қыз-
дар дан ұялып:
– Ту-у-у, əже, қойшы енді. Қайдағы келіншек, – деп əже-
сін құшақтады.
– Нағашың сені колхоз бастықтың қызымен сөз байласып
жүр, – деп айтты ғой. Ой, тегіне тартқан шырағым. Құ ла саң
нардан құла. Əкең де ел сұраған жігіт еді, – деп келе жатты
да, – Өсержан, Раушан естимісіңдер, и-и-и, – деп кө ңі лі бо-
сап əжесі жылап қалды. Оны Науат апасы жұбатып əуре.
110
Достарыңызбен бөлісу: |