Бағдарламасы бойынша шығарылды Досжан С. Д 64 Үлкен үйдегі үрей. Алматы: Жазушы, 2013. 304 бет



Pdf көрінісі
бет100/272
Дата10.07.2020
өлшемі1,47 Mb.
#75054
түріБағдарламасы
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   272
Байланысты:
Үлкен үйдегі үрей

Сәуле Досжан
111
ғын  онша  ұната  бермейді.  Өткенде  əжесі, «Науат  апасына 
ұқ сап бізді өсіріп-өндіреді», – деген сайын көз алдына мама 
қаздай балпаңдаған Науат апасы елестейтін болып алды. Ол 
үй де гі Люда тəтесі де доп сияқты. «Өзі балатапқыш əйел дер 
семіз бола ма?», – деп ойлап қояды. Өзінің анасы қандай еді, 
шір кін!  Мектептегі  оқушылардың  бəрі  жақсы  көріп,  үл кен 
сы нып тың  қыздары  еліктейтін.  Əкесі  екеуінің  бірге  түс кен 
жөнді суреті жоқ екен. Жеке-жеке түскен суреттерін тауып 
алып  Қарағандыға  барғанда  біріктіртіп  жасап  алып  келді. 
Төр ге іліп қойды. Шолпанның өзі:
– Апаң қандай сұлу!– деп таң қалды.
Қайраттың  көздері,  мұрны,  аузы  апасына  ұқсаған.  Қай-
рат ты  шашы  мен  ірі  денесі – əкесінікі.  Өзі  жігіттің  төресі 
болып өсті. Ауылға келген техниканы алдымен Қайрат жүр-
гі зе ді.  Той-томалақта  домбырамен  əуелетіп  əн  де  салады. 
Атасы  құйысқан,  жүген  өрген,  ертоқым  жасаған  қолөнер 
ше бе рі болған екен. Қайраттың икемін байқаған нағашысы 
«атаң ның  өнерін  жалға,  жоғалып  кетсе  обалы  саған  бола-
ды», – деп айтып, көршісінің шебер шалына қосып қойған 
болатын. Сол кісіден алған өнері де бар. Тегі тарта ма, қолы 
босаса  қолөнерін  айналдырады.  Осындай  сегіз  қырлы,  бір 
сырлы жігітті Шолпан қалай жақсы көрмесін.
Шолпан сол жылы қыздар педагогикалық инс ти ту ты ның 
соңғы  курсында  еді.  Əжесі  мен  Қайрат  жағдайын  жасап, 
оқуын аяқтатып алды. Дипломын алып келе сала қыз тапты.
– Атам қазақ келіні ұл тапса – хан туды, қыз тапса – жан 
туды деп қуанған. Хан жақын ба, жан жақын ба? Жанымыз 
кө бей сін, артынан ерер іні-сіңлілері көп болсын, – деп əже-
сі  Əси қа  қуанды.  Ырымдап  Науаттың  тақымынан  əрі-бері 
өткізіп,  Шолпанға  бір  дамбалын  сұрап  алып  берді.  Онысы 
На уат  сияқты  балағынан  бала  өрсін  дегені.  Жалғыздықтан 
əб ден зəрезеп болған кемпір келініне үй жинатқызбайтын.
– Қой, əрі, шашылып жатсын, боқты ошақ болсын, – деп 
қоя тын.  Құдай  сол  тілеуін  берді  ме,  қызынан  кейін  сүт пен 


112


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   272




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет