Сәуле Досжан
97
– Осыдан Өсер келсін, үйге қарамай, бала тауып отыра
берем. Есіңізден танып, түнімен бала тербетіп, күнімен жая-
лық жудырмасақ па сізге, – деп келіні əзілдеп қойса:
– Ой, айналайын аузыңа май. Менің күшім барда ба ла-
ла рың ды бақтырып пайдаланып қалмайсың ба? – деп мəз
болады.
– Апа, немене балаңыздан хат келген бе?, – деп сөйлей
келген Науат жанына жайғасты.
– Келер де... Мыналары өткен айдағысы ғой. Раушанға
қай та ла тып оқытып отырмын. И...тəйірі-ай, қайбір дейсің,
са ғын ған соң əр сөзін тыңдай бергің келеді екен, – деп ақ тал-
ған дай болды. Кемпірдің сезімін ұғатын Науат па, мұр нын
бір сіңбіріп жіберіп:
– Шалқарбай өткенде бір жазғанында «жаралы болдым,
орыс сəнитар қыз құтқарып алды, сол қарап жатыр», – деп ті.
Содан бері хат та, хабар да жоқ, – деп өз «жырын жырлады».
– Кім қараса, ол қарасын, тірі болса болды да. Жа ра лан-
ған дар қайтып оралып жатыр дейді ғой, – деді Əсиқа.
– Оралса қанеки, Апа, сүйіншісі сізге, – деп жіпсиген көзі
біржолата көрінбей мəз болды Науат келіні.
– Жеңеше, сол санитарканы ала келсе қайтеміз? – деп
Рау шан күлді.
– Өзі аман келсе болды, балаларына ие болсын. Менің
ден сау шы лы ғым жоқ, – деп Науат сəл мұңайып қалды.
– Е, əкелсе несі бар ана сенің нағашы шешең құсап бəй бі-
ше боп отырады. Сəнитар болса тіпті жақсы, ден сау лы ғы на
қарайды. Науат баласын бағады, – деп Əсиқа сөздің ая ғын
əзілге айналдырды.
Госпитальға түскелі хабар жоқ деп жүрген Шалқарбай
күн дер дің күнінде баяғы хатқа жазған санитаркасын по йыз-
бен алып келді. Аудандық военкоматтан өкіл келіп екі-үш
күн бұрын ескертті.
– Шалқарбайды бір медсестра алып келе жатыр, дайын
оты ры ңыз дар, – деді.
|