Бағдарламасы бойынша шығарылды Досжан С. Д 64 Үлкен үйдегі үрей. Алматы: Жазушы, 2013. 304 бет



Pdf көрінісі
бет89/272
Дата10.07.2020
өлшемі1,47 Mb.
#75054
түріБағдарламасы
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   272
Байланысты:
Үлкен үйдегі үрей

Үлкен үйдегі үрей
– Дайын отырғаны, алып келе жатқаны несі, өзі тірі ма? – 
деп Науат баж ете түсті.
– Тірі, қорықпаңыз. Тек мүгедек болып қалыпты. Өз ді гі-
нен жүріп-тұра алмайды.
Екі  күннен  соң  военкоматтың  полуторка  мəшинесі  Үл-
кен  үйдің  алдына  келіп  тоқтады.  Үстінен  бір  жігіт  се кі ріп 
түсіп, есігін ашты да жарты денені суырып алып үйге қа рай 
адымдай жөнелді. Артынан қолында түйіншегі бар орыс тың 
қызы еріп келе жатты. Шалқарбайдың Науаты мен топты ба-
ласы əкелерін көргеннен шулап жылап қоя берді. 
Сонымен  бойы  екі  аршын,  денесі  бір  пұт  Шалқарбай 
екі  яқсыз  жарты  дене  боп  қан  майданнан  оралды.  Жанын-
да күтуші орыс қызы бар. Шашы сап-сары, көзі аспан көк. 
Ал  ғаш көргендер жарты денеге шоши қарады. Төрде отыр-
са  тө бе дей  болған  баяғы  Шалқарбай.  Гармонын  құлаштай 
тартып,  зарлатып  əн  салады.  Соғыс  туралы  əңгіме  айтады. 
Аға йын-туысты  түгелдей  сұрайды.  Жанындағы  орысының 
аты – Людмила екен. Оны өзі «Людочка» дейді. 
Шалқарбайы  аяқсыз  болса  да  аман  оралғанына  қуанған 
Науаттың апта өтпей-ақ қабағы түсе бастады. 
– Апа, ана орысы Шалқарбайдың əйелі екен. «Менің жа-
нымды алып қалған осы Лөде, сондықтан оны сыйлаңдар», – 
деді  ана  əпербақан.  Өзі  бұрын  да  жынды  еді,  енді  екі  сөз-
ге  келмейді. «Мен  қан  көріп  келдім.  Отанға,  сендердің  ке-
ле шек те рі ңе  екі  аяғымды  бірдей  беріп  келдім.  Сондықтан 
ме нің  айт қа ным – айтқан.  Шыдамасаң  балаларыңды  алып 
«Кең қияқ қа» кет», – дейді апа-ау. Енді қайттім, – деп жылап 
қоя берді бір кеште келіп.
– Сабыр ет, шырағым. Азаматың аман келді. Ол орыс қа-
тын қашанғы шыдар дейсің аяғы жоқ адамға. Қысқа қа рай 
Арқаның суығы бір қысса бүрсеңдеп қашады келген жа ғы-
на, – деп көрші келінді сабырға шақырды. Əсиқадай үл кен 
ана ның сөзіне тоқтаған Науат қысты күтіп, баяғы сал пыл да-
ған қалпы жүре берді. Сөйтіп жүргенде қыстағы суық тан қа-




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   272




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет