Үлкен үйдегі үрей
– Молдахмет, Өсержан көз алдыңда өсті. Бүгінде əс кер-
де. Қолымда келінім мен немерем бар. Келін «Соғысқа үлес
қосам», – деп «Жұлдыздыға» барып істеп жүр еді, несін жа-
сырайын, түсік тастап қойды. Енді өзі əрең жүр, осы қа ла-
ның үшкөлінен орын тауып бер. Баласы биыл оқуға жет ті,
соны жетектеп барып оқытсын, – деп бастырмалата сөй ле-
ген əйелді оқу комиссары ұната қоймаса да:
– Жеңеше, қазір соғыс жағдайы, өзіңіз білесіз. Əркім қо-
лы нан келгенше əскерге көмек жасауы керек. Сондықтан
ке лін нің соғысқа үлес қосқаны дұрыс, – деп бір тоқтады да
кеше осы орында мына шүйкедей кемпірдің ұлы отырғаны
есі не түсіп дұрыстау жауап іздеп отыр еді:
– Қалада жүріп те үлес қосады ғой. Шұлық тоқып, кеуде-
ше тоқып аттандырып жатыр, қарағым, – деп əйел де қояр
емес.
– Жарайды, жеңгей, күзге дейін бір орын қарастырайын,
əзір ге елдегілерге қолғабыс етіп жүре тұрсын. Бізге орақ ке-
зін де қол күші жетіспей жатыр, – деді.
– Ойбу, өзі шидей немеде қайбір қол күші бар дейсің. Əй-
те уір елге еріп жүр де, – деп əйел де өзінікін нығарлай берді.
– Келістік, жеңеше. Күзге келінге бір орын тауып берем.
Бəріміз соғыстың тез бітуін тілейік. Тіпті Өсер келсе өз ор-
нын да қайтарып берем. Келіншегі екеуі қолұстасып бірге
жүрсін, – деп Молдахмет əйелді шығарып салды.
– Құдай тілеуіңді берсін, айтқаның келсін, – деп Əсиқа
қуа нып үйіне қайтты.
Есіктен ене:
– Раушантай, Молдахметпен келістім. Күзге мұ ға лім дік-
ке алатын болды, – деп сөйлей жөнелді. Раушан мен Қай рат
дастарқан басында отыр еді. Əжелерінің қуанышты дауысы-
на олар да қосылып, үйде кішігірім мереке болды да қалды.
– Раушантай, ана қалған жүнді қызылға бояп берейін өзі-
ңе көйлек тоқып ал жаздай. Күзде мектепке ауыстырарың
болады, – деп енесі абыр-сабыр болып қызылша қайнатып,
|