Бағдарламасы бойынша шығарылды Досжан С. Д 64 Үлкен үйдегі үрей. Алматы: Жазушы, 2013. 304 бет



Pdf көрінісі
бет79/272
Дата10.07.2020
өлшемі1,47 Mb.
#75054
түріБағдарламасы
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   272
Байланысты:
Үлкен үйдегі үрей

Үлкен үйдегі үрей
–  И...  И...  барма  дедім,  сол  мектепке  көнбеді. «Мен  де 
ел қатарлы соғысқа үлес қосайын» деп отырып алды. Аман 
болсаң, болды, – деп келінін құшақтап сүйе бастады.
–  Ойбу,  отырсаңдаршы,  қайтейін  енді,  есім  шықты  ғой, 
есім шықты, – дей берді. 
Қайрат əжесіне бір, шешесіне бір қарап не істерін біл мей 
тұрды. Əйелдер көрпе шетіне жайғаса бастағанда, ше ше сі нің 
аяқ жағына барып қисайды. Бір жаманшылықтың бол ға нын 
жан дүниесімен сезеді, бірақ не екенін түсінбейді. Əй те уір, 
ауырса да анасының көзіне көрінгеніне іштей ғана қуан ды. 
Əжесі  шешесіне  сорпа  əзірлеп  жатқанда  Қайрат  «енді  кө-
кем келсе ғой. Қуаныштың мені ойынға қоспайтынын айтар 
едім.  Көкем  сонда  оларды  үйлерінен  қуып  шығады.  Сонда 
аулада баяғыдай көршінің балаларын шақырып алып шы бық 
атпен бəйге ойнаймыз», – деп қиялдап жатып ұйқыға кетті.
Əсиқа  елден  келген-кеткенге  сəлемдеп  жатып  бір  тоқ ты 
алдырып келінін жас сорпалап жатып, есін жидырды. Өзі нə-
зік неме еді, екі көзі алақандай болып, боп-боз бол ған Рау-
шан  екі  аптадан  соң  ғана  үйге  кіріп-шығуға  жарады.  Ара-
лық та Өсерден хат алды.
Ешбір сүйеуі жоқ үшеуі бір-біріне серік, үшеуіне Өсер ден 
келген хат қуат. Əсиқа:
–  Тағы  бір  қайтара  оқышы,  əке-шешемнің  хатын, – деп 
қой май ды. Əлсіз, дірілдеген даусымен Раушан бə лен ба йын-
шы рет оқып шығады. Анасының жанында Қайрат қай та лап 
отырады. Жан көкесінің хаттарын баяғыда-ақ жаттап ал ған. 
Құдды əжесі айтып беретін батырлар жыры сияқты, сайрап 
қоя береді, шешесімен жарысып «оқиды». Оған əжесі мəз:
–  Тіпə,  тіпə.  Көкесінің  хатын  жаттап  алыпты.  Тұя ғы нан 
айналдым артындағы. Көкесі сияқты əлі-ақ ел сұрайды. Апа-
сы  сияқты  мұғалім  қыз  алады,  менің  жанторсығым! – деп 
«əн де те» жөнеледі.
Кеш  бата  үшеуі  пілте  шамның  жарығына  үймелейді. 
Əр кім  өз  тірлігімен  айналысады.  Əжесі – ұршық  иіреді, 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   272




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет