Сәуле Досжан
83
– Жоқ, тоқпын. Елден келдім ғой, – деді де жата кетті.
Раушан таңертең түсі көңілінде сайрап тұрса да апасына
жорытуға жүрексінді. Іші сезеді, жақсы түс емес... Бір сұм-
дық тың хабаршысы. Өзі іштей жорыды. Сол жорығанын
ойға алуға да қорқады. Ойламауға, еске алмауға тырысты
күні бойы.
Балалары жасырғанымен суық хабар жата ма, Əсиқа ше-
шей көшелес көршілерінен естіді сұмдықтың басы кө рін-
генін.
– Заман енді тыншыды ма, енді аузымыз аққа тиіп, құ-
ла ғы мыз жастыққа тиді ме деп едік. Тыншымады бұ заман.
Тағы соғыс басталды. О, Жаратқан, немізді көп көрдің? – деп
есік тен зарлай кірді сол күні.
Бір жетіден соң:
– Əлгі Əріпбайды соғысқа алғалы жатыпты, – деп кел ді
мұңайып.
Келесі айда «Жұлдыздыдан» Нұрқаділ ағалары:
– Біздің Бекжанды баянкометке кеше ауылдағы үш бала-
мен алып кеткен. Өсер екеуміз бүгін аттанғанын көрейік деп
келдім, – деп көңілі пəсейіп келді.
Содан көп кешікпей Өсерге де кезек келді.
– Раушан, апама бірдеңе етіп айтайық, мені бүгін военком
шақырып алып «Əсерге алынып жатқандар кілең ауыл дың
сауаты жоқ балалары ғой, көріп жатырсың. Соларға со вет тік
идеологияны жүргізетін, патриоттыққа үндейтін сен сияқ ты
білімді жігіттер де керек болып тұр», – деді. Мені əс кер ге
шақыртып жатқанын түсіндім де оларға айтқызбай-ақ:
– Қашанда Отаныма қызмет етуге əзірмін. Бүгін бар де се-
ңіз, бүгін кетем соғысқа, – деп уəде беріп келдім.
Раушан ештеңе айта алмай, көзі боталап, үнсіз жылай
бер ді. Аналарына қалай жұқалап жеткізсе де, естігеннен зар
илей жөнелді. Екі əйел екі жақтан жылай берген соң Өсер
еркекше сөз бастады.
– Апа, мен туғанда «ел қорғайтын ұл болады!», – деп
қуан ды ңыз дар көкем екеулеріңіз. Міне, ел қорғайтын күн
|