Үлкен үйдегі үрей қолтығына тығып беріп жатыр. Өзі жайшылықта жы ла уық
кемпір ғой, жыламады. Қабағы тас боп қатулы.
– Кебініңді алып кет! – дейді.
Раушан жылап енесінің аяғына оралып жерде жатыр, ма-
ңа йы былжыраған жаңағы қасқырдың қаны.
– Апа, Өсерді дұрыстап шығарып салайықшы, – деп жы-
лайды. Өсер əскеридің алдында кетіп бара жатты да бір кез-
де артына қарай жүгіріп келіп қанның ортасында жатқан
Раушанды орнынан тұрғызып алып жетектей жөнелді. Сол
кезде енесі етегіне оралып «кетпеші, кетпе» деп жалынып
жылады. Раушан не еріне ерерін, не енесімен қаларын біл-
мей дал болды. Сонда да құдай қосқан қосағы ғой, соны қи-
май енесінің жылағанына қарамай Өсермен қолұстасып қыр
асып кетіп бара жатып оянып кетті...
Келіншектің денесі түршігіп оянды. Түнгі ты ныш тық ты
тыңдады. Тарғыл төбет аузын жаппай үреді. Өсер əлі жоқ.
Манағы түсі тап бір болған оқиға сияқты көңіліне сурет-
тей басылып, көкірегінде сөздері сайрап тұр. Түрлі түс ті...
қаны қызыл... киім-кешектері қара ала, төсектің сейсебі ақ,
жастығы қызыл дегендей... сөздері де саңқ-саңқ ес ті ле ді
құлаққа. «Аян беретін түс деген, айтқаны келетін түс деген
осы шығар», – деп ойлап зəресі зəр түбіне кетті. Өмі рін де
мұндай анық та қанық түс көрмепті. «Ол неден аян бе ріп
тұр, Аллам-ау. Таңертең апама жорытайыншы», – деп ойлап
жатқанда сыртқы есіктің ашылған сықыры естілді. Ке лін шек
төсегінен атып тұрды да есікке ұмтылды.
Өсер екен. Сыртқы жеңіл шапанын іліп, етігін шешіп бо-
са ға ға қатарлап қойды да ішке өтті.
– Не болды, қорқып жатырсың ба? «Жұлдыздыға» барып
халыққа естірттік, жағдайды түсіндіріп соғыс жағдайына
орай ұйымдастыру шараларын жүргіздік. Ертеңнен бастап
бозбалаларды военкоматқа шақыра бастайды, əскерге алу
үшін, – деп сөйлей жатын бөлмеге қарай жүрді.
– Тамақ ішпеуші ма ең? – деді келіншегі.