Үлкен үйдегі үрей біреулері – қырманда тазаланған қызыл бидайды ат ар ба ға
тиеп аудандағы астық қамбасына жеткізеді. Бала біт кен оқу-
ды ерте тоқтатып, ұстаздарымен бірге қырман басында жүрді.
Раушан «Жұлдыздыға» əкесінің үйіне келіп мектеп оқу-
шы ла ры мен бірге қырманға шықты. Əсиқа шешей Қайрат
екеуі үйлерін қарауылдап қалған болатын.
Үлкен үйдің жартысына майданға кеткен азаматтың от-
басы көшіп келді. Əйелінің аты – Науат. Көршінің шешесі
пысық екен, келген күннің ертесіне Əсиқаның үйіне:
– Замандас, үйдің арғы жағынан біз өзімізге бөлек есік
шы ға рып алайық, мына ұзын дəлізді екі қоржынбас етіп бө-
ле йік. Бізде балалардың басы бар дегендей, таласып-тарты-
сып кетер, – деп жетіп келді. Əсиқа сорлы не десін, есіл дер-
ті – ұлының аман оралып, келінінің аман босанғаны. Дү ние
оның не теңі, бөліспеймін дейтіндей əкесінен қалып па еді?
«Көп қорқытады деген осы да, балаларының басы барын ай-
тып айбаттанып отыр-ау», – деп ойлап, қапаланып қалды.
– Өздерің біліңдер. Бізге екі бөлме де жетеді, – дей сал-
ды. Бəтима кемпірдің «бабалардың басы бар» деп отыр ға ны
шындық. Келіні үш рет егіз тапқан екен. Оншақты не ме ре сі
бар. Осы балалардың əкесі – Шалқарбай соғысқа кет ке ні мен,
елде үлкен ұлы да бар екен, сол бала-шағасымен қа ты най ды.
Өздері бір ауыл. Көп қорқытады деген сол да.
Бармақтай баласы бар, шошайған екі əйелге екі бөлме мен
жарты дəліз, шығаберіс тиді. Өсержанның еңбегіне тиген үй-
дің үштен екі бөлігін Бəриманың бала-шағасы иемденіп, арт -
қы жағынан қосымша есік шығарып алды. Олар Қай рат тың
шаңырағындағылар сияқты əкелерін айтып жылап, жолына
қарап жүрген жоқ, өзерімен өздері қым-қуыт өмір қы зы ғын-
да. Қайратпен жасты Қуаныш деген жүгермегі тіпті Əси қа-
ның немересін əкесінің ауласында ойнатпайтын болды.
– Кет-ей, бұл біздің ауламыз, – деп қуалап есігінің алдына
əкеліп тығады. Сөйтіп өз əкесінен қалған үйде байғұс бала
өзі кіріптар болды. Бұрын шыбық атпен ауланы басына кө-