Бағдарламасы бойынша шығарылды Досжан С. Д 64 Үлкен үйдегі үрей. Алматы: Жазушы, 2013. 304 бет



Pdf көрінісі
бет72/272
Дата10.07.2020
өлшемі1,47 Mb.
#75054
түріБағдарламасы
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   272
Байланысты:
Үлкен үйдегі үрей

Үлкен үйдегі үрей
шан соған дейін ұйықтамай күтіп отырды. Апасы күндіз дү-
кен ге барып келмек болып еді жібермеді, суық хабарды сол 
жерден естіп қалар деп.
– Апа, мен біртүрлі болып жүрмін үйден ұзамаңызшы, – 
деді жалынғандай болып. Сол-ақ екен Əсиқа:
– Біссімілла, бісімілла...! Не жаман түс көрдің бе, неден 
шошыдың, құлыным? – деп бастап отпен аластап, одан қала 
тас ұшық жасады.
–  Е,  Бибипатма  пірім,  жар  бола  гөр!  Е,  ата-бабамның 
əруақ та ры желеп-жебей гөр! Тілі бардың тілінен сақта, көзі 
бар дың  көзінен  сақта,  жаман  қатындардың  сөзінен  сақта. 
Кет, пəлекет, кет! Тау айналып кет, сумен келсең, су айналып 
кет. Асықтырма, жаратқан. Ай-күнін толтыра гөр! – деп сар-
най жөнелді. – Өзің де бір жамансың, əрнені көңілге аласың. 
О несі-ей, тағы шала туайын деп жүрсің бе? Айттым кеше 
сол кірі құрғырды жума деп, – дейді келініне ренжіп. 
Əбден есі шықты байқұс ананың, алдынан не күтіп тұр ға-
нын қайдан білсін.
– Ет салып қойдым, кір жуамын деп суықтап қал ған сың 
ғой, құлыным, өлгенде көрген қызығым, – деп айланып-тол-
ға нып та алды. Қайтсін енді, бес баладан қалған жалғыз Өсе-
рі.  Бес  ұлдан  айырылып  қалғанда  көрген  Өсері.  Тұқымым 
жал ға сар ма деп өлгенде көрген Өсері! Күйеуі ашаршылық 
жылдары жалғызының тайға мінгенін де көре алмай құрт ау-
руынан кетті. Содан өзі əркімге жалданып кір-қоңын жуып, 
отын  жағып,  сиырын  сауып  жүріп  Өсерін  өсірді-ау.  Алды-
мен ауыл молдасынан тіл сындырып, əліп танытты. Кейін-
нен  Қарағандыдағы  жалғыз  інісі  алып  кетіп  оқытып  берді. 
Артынан кəмөнес болдым деп жүрді жарығы. Қа ра ған ды дан 
келе  ел  басқарды.  Осы  Раушанды  өзі  сүйіп  алды.  Бай дың 
немересі екен, сол кезе заман аумалы-төкпелі болып ба сыл-
ған еді, баласының ел сұрап тұрғанына тоқтады ма еркелетіп 
өсір ген қыздарын қалың сұрамай-ақ ұзатты ғой. Одан Қай-
ра тын  көрді.  Келіні  аяқ-қолы  шидей  неме  екен  тұм са сын 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   272




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет