Сәуле Досжан 75
сам, Өсер келіп тұрады ғой. Бір жылдай мұғалімдік үй ре ніп
қайтайын, – деп қоймады келіні еркелей сөйлеп.
– Тəйт ары, алдымен аман-есен туып ал. Заман тыныш
болса, ел-жұрт аман болса бəрі болар. Өсер аман болса
осында-ақ мұғалім боласың. Сені Алматыға жіберіп мұ ға-
лім дік оқытам деп жүр ғой, жарығым, – деп ары қарай Əси қа
шешей жалғыз ұлын айланып-толғанып кетті.
Раушан өзінің екіқабат екенін ұмытып, енесі мен кү йе уі-
не еркелеп «Жұлдыздыға мұғалім болам», – дегеніне ұял ған-
дай кешкі астың дастарқанын үнсіз жинауға кірісті.
Ананың жүрегі сезген екен, заман тағы тыныш болма-
ды. Ат ауыздықпен су ішіп, ер етікпен су кешетін кез кү тіп
тұрған екен алдан...
Соқамен жыртқан жердің сүдігері көктемде жайқалып
шық ты. Елдің баққаны етектегі егені мен өрістегі малы.
Көк теу ден көшкен малды ауылға көк шыға қалалықтар жиі
баратын болды. Екі-үш жеті бұрын мал төлдетісіп еді, енді
қой қыр қы су ға келеді. Ала қыстай Арқаның суығына тоңып,
сызды қорада үстері сауыстанып, жүндері жабысып қалған
қой лар ен тегін көкке жетіп, жабағыларын сілкіп, бой жаз ды.
Ауыл-аймақ жапа тармағай қой сауып, ауыздары аққа жарып
қал ды. Қаладан келгендер меске сүт, айран құйып алып ке-
теді. Кейбір пысық əйелдер май да шайқай бастады. Сүт пен
айранды күні-түні ішкен балалар да реңденіп қалды. Қа ла-
лық тар айран-сүт ішіп оңалалық деп қырға асықты. Өсер де
бір келгенінде Раушан мен Қайратты малды ауылға əке ліп
тастады.
Раушан қыз-келіншектермен қой қырқатындарға тамақ
жасасып, қолы босай қалса қысқа құрт-май əзірлеп тыным
таппайды. Көр пе-төсек жаңалап алуға деген таза жүнді де
жең ге сі Сə нім күл бөлек түйіншектеп беріп те қойды. Ал,
Қай рат тың ойынға тоймайтын кезі. Күні бойы сиыр жүнінен
жа са ған жүн доппен, одан қалса асық ойнап үйге келмейді.
Қап-қара болып күнге күйіп, бойы да өсіп қалды.