Бағдарламасы бойынша шығарылды Досжан С. Д 64 Үлкен үйдегі үрей. Алматы: Жазушы, 2013. 304 бет



Pdf көрінісі
бет67/272
Дата10.07.2020
өлшемі1,47 Mb.
#75054
түріБағдарламасы
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   272
Байланысты:
Үлкен үйдегі үрей

Үлкен үйдегі үрей
тір лік жасап жатқан Тауфиықтың аяғына оралып əбден ма-
засын  алды.  Түк  түсінбеген  бозбала  жарылған  отынды  екі 
іні сі мен отын қораға тасып алғанша анасын Шəлиға апасы-
на бақтырып қоюына тура келді.Үй қамаққа қалған Хадиша 
Арс лан ның  елесі  ұлын  қылғындырады  деп  ойлап  жылап, 
сырт қа ұмтылып күтушінің мазасын алды.
– Ханым-ау жылдағы істеп жүрген тірлігі емес пе. Бұ рын 
Ермет жинайтын еді, енді Таупанжан өсіп қалды, өзі жинап 
жатыр. Несі бар, енді кімді шақырамыз, – деп тіпті кейіп те 
алды.
Хадишамен  алысып  жүріп  қысқа  отын  да  жиналды-ау. 
Сол түні Хадиша үйден далаға қашып, не Шəлиғаға, не Тау-
фиық қа бой беретін емес. Ойпырмайдың қу сүйегі қал ға ны-
на қарамай күштісін-ай! 
– Кетем, бұл Арсланның үйі, менің үйім қырда қалды, Тө-
рем де сонда кетті, мен де сонда кетем, – деп жұлқынады. 
Тү ні мен  алысып,  күтушісі  де,  ұлы  да  таңға  жуық  шаршап 
құ ла ды.  Хадиша  да  дамылдағандай  болып  еді.  Таңғы  елес 
оны  қайта  оятты. «Жүр  қырға  барамыз!», – деп  шақырды. 
Маң да йы нан сипап, қолынан жетектеп есікке апарды. Хади-
ша баяғы жас кезіндей Арсланның артынан еріп кете барды. 
Есік тің ілгегі салынбаған екен, əйелдің сыртқа шығып кет-
кенін таңғы ұйқыда жатқандар сезбеді...
Сонша ен дəулетке жеткенше армандап, айттырған жері-
нен  айнып  келген  Үлкен  үйінің  қақпасынан  асыға  шыққан 
Хадиша аяқ-аяғына жұқпай жүгіріп елеске еріп Сарыарқаға 
сі ңіп жоғалды...
 
3
Қарқаралының  қырындағы  Үлкен  үй  көптеген  жылдар 
бойы иесіз қалқиып тұр еді...
Биыл  көктемде  сол  үйдің  ішінен  ілгектеліп  тасталған 
ағаш терезелері шалқайта ашылып, əйнектерін күн сүйді. Он 


Сәуле Досжан
73
шақты жыл бойы жабық тұрған дарбазасы да айқара ашы-
лып,  содан  басталған  қарқаралының  жалпақ  қара  тасы  тө-
сел ген жалғызаяқ жолмен ары-бері үйге көштің дүниесін та-
сып жігіттер мен келіншектер жүре бастады. Енді біреулері 
үй дің ішінен əлдебір заттарды сыртқа таси бастады.
–  Күн  көрмегеннен  көрпе-төсегі  көңірсіп  кетіпті, – деп 
мос қал дау əйел көрпе-жастықтарды ағаш қоршауға арта бас-
та ды.
– Е, бұл заманында ақшамен самауыр қайнатқан сау да гер-
дің  үйі  ғой.  Белдеуінен  ат  кетпеген,  босағасынан  кісі  үзіл-
ме ген,  осы  өңірдің  игі  жақсылары  бас  қосатын  ақсарай  үй 
бол ған деседі. Құнанбай қажы мешітін салдырып жатқанда 
осы үйге түсетін көрінеді. Абай да талай келіп қонақ болған 
дей ді, – деді сəкіде жастардың тірлігіне қарап отырған Тұр-
ған бек ақсақал.
– Енді бұл үй неге қаңырап қалған. Иесі өлсе, балалары 
қай да? – дейді Үлкен үйдің ендігі ханымы болғалы тұрған 
Раушан сұлу.
– Е, балам-ай, қайда дейтіні бар ма? Тұрымтай тұсымен, 
балапан  басымен  болған  заманда  бір  жанының  амандығы 
үшін дүние-мүлкінен безіп кетті де. Бұл үй оншақты жыл-
дай  иесіз  тұр.  Аудандық  кеңестің  тізіміне  алынғалы  бері 
есік-терезесін шегелеп тастаған екен. Енді қызметке ілінген 
жас тар ға екі бөліп, екі жағынан есік шығарып береміз депті 
де ген ді естігем. Өсержанның еңбегін елеп сендерге берген 
ғой. Тазалап болған соң шешең отпен аластап шықсын. Мен 
құ ран оқып жіберейін, – деді үйдің жөн-жосығын түсіндіріп 
əке сі қызына. 
Əйелдер жағы үйдің ішін жуып-тазалап, еркектер сыртты 
жайғастырып  жатты.  Сырттағы  ошаққа  қазан  орнатылып 
оған  шелпек  салынып,  құран  оқылып  аудандық  оқу-ағарту 
ко мис са риа ты ның бастығы Өсер Шапанбаевтың отбасы Үл-
кен үйге қоныстанды.


74


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   272




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет