Үлкен үйдегі үрей
Содан соң екі қолды алқымға салды. Елестің қолының табы-
нан оянып кеткен əйел аласұра қарсыласты. Даусы шық пай,
қы рыл да ды. «Шəлиға, ойбай, ойбай...», – дейді. Үй де гі лер
шырт ұй қы да. Шешесінің аяқтарының ербеңдегенінен Ер-
генбек оянып кетті.
– Апа...апа, – деп қыңқылдап шешесіне жармасты. Сол
кезде елестің қолдары шеңгелін босатып, Хадишаның тыны-
сы кеңіп, көзін ұлғайта ашып, жан-жағына қарады. Терезе-
ден түскен сəулемен таңғы елес болып Арслан ғайыпқа сіңіп
бара жатты...
Ақ көйлек-дамбалынан, күжірейген желкесінен, ұс та ра-
мен қырғызған басынан артынан жирен шалын анық та ны-
ған əйелдің қайта көзі ілінбеді. Қолымен кеңірдегін ұстап
көр ді, ауырмайды. «Біссімілла», – деп даусын шығара ай-
тып көрді, тілі де, үні де бар. Аяқ-қолын қозғап көрді, бəрі
орнында, өз қызметін атқарып тұр. Тек жүрегі дірсілдей
со ға ды... Ақырын басын көтеріп, жайлап тұрды. Сап-сау...
«Ойпырмай, сорлы жирен шалға бір құран ба ғыш та мап тық-
ау», – деп ойлады да іле-шала «Не деп бағыштаймын, өлді
деуге – моласы жоқ, көмгенін өзінен басқа тірі жан көр ген
жоқ. Əсі лі, соның қаны-ау Төрегелдіні жібермеген. Енді ке-
зек ма ған келген шығар», – деп ойлап, зəре-құты қашып таң-
ды атырды. Шəй үстінде Шəлиғаға:
– Арсланға бір құран оқыту керек еді, – деп көріп еді,
онысы:
– Ханым, тірі адамға құран оқыта ма екен, – деп шошып
кетті.
– Кім біледі, заман алмағайып болып кетті ғой. Тірі дей-
мі сің, – деп міңгірледі.
– Иə, қожайыным тірі болса жалғызын іздеп бір келер еді
ғой, – деп Шəлиға тіпті көзіне жас алды. Ойпырмайдың адал-
ды ғы нан Хадиша тірідей жерге кірді. Өмір бойы жирен шал-
дың кірін жуып, қалған асын ішіп, қорасында жатқан Шə ли ға
дəл осы сəтте адамгершіліктің ұшар басында тұр ды Ха ди ша
|