Бағдарламасы бойынша шығарылды Досжан С. Д 64 Үлкен үйдегі үрей. Алматы: Жазушы, 2013. 304 бет



Pdf көрінісі
бет35/272
Дата10.07.2020
өлшемі1,47 Mb.
#75054
түріБағдарламасы
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   272
Байланысты:
Үлкен үйдегі үрей

Сәуле Досжан
39
келіп түгендеп, арғы күні көшіріп əкетеді, – деп ке лін шек ке 
«қайтер екен» дегендей бағдарлап қарап қойды Төрегелді. 
Арсланнан  алып  қалған  күллі  дүниесі  көзінен  бал-бұл 
ұша ты нын ойлап іші күйген Хадиша:
– Неге бəрін əкетеді, мен қалай күн көрем? – деп қалды. 
Мілисаға да керегі сол еді:
–  Иə,  қалай  күн  көрмексің?  Соны  ойлан.  Əкесі  тірідей 
тас тап кеткен жетімекті жеткізу оңай ма? Қаны болса да бө-
лек.  Ертең  қандай  болып  өсерін  кім  білген.  Ел  ішіне  сияр 
ма? – деп ақылдымсып, келіншектің келешегіне барып кел-
ген дей қорқыта сөйледі. Еркектің бұл сөзіне айтар уəжі жоқ 
əйел дің  дымы  шықпай  қалды.  Жалғыз  ұлы  туралы  жаман 
бол жам айтқан кісіге де əу дей алмады. Хадишаның əке-ше-
ше сін,  ағасын  сыртынан  білетін  Төрегелді  олардың  да  бə-
лен дей өзіне қарсы шықпасын сезді…
Төрегелді – шала сауаты бар кешегі кедейдің бірі еді. 
Қояндыдағы  Ботовтан  қалған  жəрмеңкеге  елден  айдап 
əке ле тін  мал  сатушыларға  жалданып  жүріп  есеп  үйренген. 
Ке йін нен Қарағанды жақтағы ағайындарына барып азғантай 
сауат  ашқан.  Дүрбелең  басталғанда  елге  қайта  келіп  «бəл-
ше бек» болды. Бес адамның басы қосылған жерде белсеніп 
шы ғып, өкіметтің жырын жырлап кəмөнестердің көзіне түс-
ті. Қарқаралыға келген басшыларының бірі мұның ет тір лі-
гін, орысша сауаты барын байқап қалып аудандық мі ли са ның 
орынбасарлығына  бекітті.  Бар  тірлігі – ауыл-ауылға  «кəм-
пес ке  кəмəссиясын»  шығарып  байлардың  мүлкін  тəр кі леу, 
оған бағынбағандарын «пүртөкөлдеп» Қарағандыға айдату. 
Жанында  екі  көмекшісі  бар,  күндіз-түні  аттан  түс пей ді. 
Күздегі кəмпескеде бір басшысы «кəмпелескен» бір бай дың 
қызын  алып,  дүниесінің  жартысын  ортаққа  құйып,  жар ты-
сын  өзі  сіңіріп  қалыпты  дегенді  естіген.  Өзі  кедейліктен 
үй ле не  алмай  жүргенде  заман  өзгерді.  Басына  бақ  қонып 
бастық болды. Ендігі арманы – байлардың бірінің қызын, тіп-
ті то қа лын болса да иеленіп алып, дүние-мүлкін басып қалу. 


40


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   272




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет