Сәуле Досжан 41
– О, не дегеніңіз. Күйеуім тірі ғой, – деп күмілжіді əйел.
– Ол – қашқын. Өкіметтен қашып кетті. Осындай азап қа
сені тастап кетті. Əгəрəки келсе де, оны өкімет ұстап алып,
соттап, жер аударады. Енді сен оған жоқсың. Бұл үй де оны кі
емес. Дұрыс шешсең – сенікі, дұрыс шешпесең – өкі мет ті-
кі. Сондықтан ойлан. Байым жоқ, басы бос қатынмын деп
қай та байға ти. Сенің кедейің қызы екеніңді, дүние-мүлікті
өз еркіңмен өткізгеніңді ескеріп, жер аударудан алып қа лар-
мыз, деп барып, өзіне салмақ сала тоқтады.
– Дұрыс шешетіндей не істеуім керек? – деді əйел. Арғы
жағы үйден айрылмау.
– »Бəлшебекке» не өкіметтің қызметінде жүрген біреуге
байға тиесің, – деді анығына көшкен Төрегелді.
– Оны қайдан табам? – деп көзін бақырайтып келіншек.
– Міне, жаныңда отыр. Күндіз көргеннен саған есім кет-
ті. Мен де бойдақ, сенің де басың бос. Екі жарты бір бүтін
болып мына барға ие болайық. Мен тұрғанда саған ешкім
тимес, – деді.
Аудандық мілисаның бастығының орынбасарына қарсы
сөз айтатындай келіншекте күш қайда? «Ол кісінің айтып
отыр ға ны да жөн екен. Жаныма серік болатын «бəл ше бек»
із деп қай ауылға барайын. Өзі келіп тұрған бағым шығар. Өзі
тым шал да емес екен?» – деген ой ішіне қылаң етті.
– Сен ойлана тұр, мен сыртқа шығып шылым тартып ке ле-
йін, – деді де Төрегелді көң пəпкесінен мүштегін алып сырт-
қа беттеді. Есік алдындағы қызметшілердің үйінің шамы сө-
ніп ті. Күллі ауыл ұйқы құшағында. Тек түнгі тыныштықты
бұ зып тұрған иттердің үргені ғана.
«Тоқалды бүгін түсіруім керек құрыққа», – деп ойлап Тө-
ре гел ді ішке қайта кірді.
Бағанағы отырған жерінде Хадиша əлі отыр.
– Неге отырсың, мен сені төсек салып қойған шығар де-
сем, – деді еркек өктемдеу үнмен.
– Қалай салам, сіз қонбақсыз ба? – деді əйел.