Сәуле Досжан 29
Арслан үйге кіріп кеткенде аулада Жақып Нұрия бəй бі-
ше мен кездесіп қалды. Баяғыда Хадишаны түсіргенде құ да-
лық қа келгенде өздерін арқа-жарқа күтіп, үйіне күндес емес
келін түсіріп жатқандай шабылып жүрген бəйбішені көр ген-
де шын риза болған еді. Содан келіп-кеткеннен құ да ғиын сұ-
ра ған дай сұрастырып жүретін, «Ойпырай, сондай пейілі кең
екен», – деп отыратын. Анасы Зерліқан да «Қа дыш жан ның
ене сі сияқты», – деп риза болатын. Өзі ақкөңіл да ла ның қа-
за ғы:
– Оу, бəйбіше, Сіз үйде екенсіз ғой, көрінбегенге төр кін-
деп кетті ма десем, – деп келіп қос қолдап амандасты. То қал-
дың ағасының адал жан екенін білетін Нұрия:
– Амансыздар ма, құда-құдағилар қалай, ел-жұрт аман
ба? – деп жатыр.
Кеше келгенде Жақып Нұрия бəйбішені сұрап еді, қа-
рын да сы бірдеңе деп жауап берді. Жөнді естімеген соң қоя
салған еді. Үйге қарай бұрылғанда есік алдында тұрып қа ла-
да ғы лар ша алдымен бəйбішені өткізгісі келген еді. Ол кісі:
– Ой, Жақа мені мына үйге бөліп қойған... – деп мің гір-
ле ді де жер тамға қарай бұрылды. Бəйбіше қарындасын жа-
мандамаса да, бір ұятты істің болғанын сезген Жақып үйге
қайта кірді.
Əкесі Мүсілім жуас болғанымен Жақыптың мінезі бар еді,
əрі жөн-жобаны да жақсы білетін. Ағайынның мəс ли ха ты
болса бір сөз тиетін үлкендігі де бар еді. Дəл мына жерде де
мə се ле ні айтқызбай-ақ терең түсінді. Сенекке саптама еті гін
тас тай сала төргі бөлмеге өтті. Бөлменің ортасында тұ рып:
– Қадиша! – деп айқай салды.
Өзін қашанда «Қадышжан», – деп отыратын ағасының
мына даусынан жас əйел шошып кетті. Онсыз да кешелі бері
үрей де жүрген тоқал «бəлшебек дүниесін түгелдеуге келіп
қал ған екен», – деп ойлап өз бөлмесінен баласына да қарауға
шамасы келмей атып шықты. Бір бəле келсе келген шығар,
кө ке сі нің түрі бұзылып кетіпті.