Үлкен үйдегі үрей жеңге сезе қойды. Əулеті күткен қуаныштан жүрегі жарыла
қуанды да:
– Əй, Бойжеткен, сен енді жирен шалды тырп ет кіз бей-
сің, үндеме. Сүйіншісін өзім алам, байыңа айтып. Ана татар
қатын ертең шоланға шығады. Апа, бүгін тағы бір қо на тын
болдық... – деп дауыстап енесіне қарай маймаңдай басып
бара жатты.
Хадиша жеңгесінің неменеге жирен шалдан сүйінші сұ-
рай ты нын айтқызбай ұғып, ішінен «Əп, бəлем татар қатын.
Енді сен маған қызмет етесің», – дегенді алдымен ойлады.
Қан тай жеңгесі екеуі «жирен шал» деп жүрген Арслан сол
жылы қырыққа енді шыққан болатын.
Апасы мен жеңешесі сол күні кеш батқанша тағы болып
«жирен шалды» күтіп, жаңалықтарын жеткізіп, сүйіншіге:
көкесіне – сəйгүлік,
апасына – жанат ішік,
жеңешесіне – сом алтыннан құйылған алтын жүзік тиді.
Арсланның өмір бойы күткен жақсылықтың хабарынан
қуанғаны сонша өзі ғана жүретін алтынды күймесімен екі
əйелді Егіндібұлаққа жеткізіп салды.
Хадишаның ағасы Жақып қараша үйдің алдына тоқ та ған
күймеден түсіп жатқан əйелдерді көріп атымен алыстан құй-
ғы тып шауып келді.
– Апа, күйеужан Сізге қызметін асырған-ақ екен. Бір
бар ға ны ңыз да ешкімге аяқ арттыртпайтын күймесін мін гіз-
ге нін-ай! Қадыштай барған жеріне қадірлі екен! – деп мəз-
мей рам болды. «Көршілер көрді ма екен?» дегендей келесі
қыр да отырған Тасболаттың үйі жаққа қарап қойды. Сол екі
арада маңайдағы қойшы-қолаң, бала-шаға, қатын-қалаш жи-
налып қалды.
Бəрі:
– Алтын күйме белден асқаннан көрдік. Қа дыш жан ның
апасы ғой мынау, татар күйеудің пəуескесімен жеткен деп
ке ліп қалдық, – деп тіпті масайратты.