Үлкен үйдегі үрей – Мырзам, Сіздің тұқымның өскені менің де өскенім. Сіз
аман болыңыз. Мен өлер-өлгенше қызыметіңіздемін... – деп
жылап жіберді.
Əйелінің мына данышпандығы мақтамен ба уыз да ған-
дай болды. Одан да аузына келгенді айтып тілдеп, үй де гі ні
қиратып мінез көрсеткені жақсы еді-ау. Өзі білетін та тар дың
əйелдері сондай болатын, «мына байғұс көп жыл ара лас қан-
нан ба қазақтың қатындарының ибашылдығы мен мо мын ды-
ғын бойына сіңіріп алыпты ғой...», – деп өз-өзінен қор ла нып
таңға ұйықтамаған.
Одан кейін ол жайында əңгіме болмады.
Тек «Тоқал келе жатыр!», – дегенде жарын қимай тү ні мен
жылады, сонда да Алладан үмітін үзбей таңғы намазында
бір бала тіледі.
Ертесіне «тағдыр салды – мен көндім» дегендей, сыр бер-
мей күндес деп емес, келін деп қабылдап, қонақ күтумен ай-
налысты.
Күндесі емес жалғыз ұлын үйлендіретіндей білек сыба-
нып кірісті.
Даладай дастарқан жасатып, қос қабат үйдің асты-үс ті не
торғын-жібек көрпелерді төсетіп тастады.
Ораудағы талай кілім жайылды.
Орыс форфорынан жасалған кесе-шəйнектер жайнап дас-
тар қан ға тізілді.
Ханымдарының мына жомарттығына қызметкерлерінің
пышы-пышы үдеп барып басылды да бəйбішенің кең пейілі
мен еріне адалдығына қайран қалысты.
Хадиша келіп түскенінің ертесіне таңғы шəйде оразасын
ашуға дастарқан басына келіп жайғасқан Арслан, көпшікті
шын тақ тап жатып төменде отырған Нұрияны қасына ша-
қыр ды.
– Сенің орның менің жанымда, уақыты келгенде Хадиша
да отырады осында, – деді.
Арсланы шақырған соң жан дүниесі еріп барып, жо ға ры-
лап жанына отырды. Түнімен жас əйелінің қасында бол ған