Бағдарламасы бойынша шығарылды Досжан С. Д 64 Үлкен үйдегі үрей. Алматы: Жазушы, 2013. 304 бет



Pdf көрінісі
бет18/272
Дата10.07.2020
өлшемі1,47 Mb.
#75054
түріБағдарламасы
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   272
Байланысты:
Үлкен үйдегі үрей

Үлкен үйдегі үрей
дү ние ге  тамсанып  қарап  тоймады.  Анасының  жасауға  деп 
бергендерін  бөлек  бөлмеге  жидырып  қойған,  онда  ешкімді 
кір гіз бей ді. Ашқанбек ұстаға жасатқан ақ сандығының кіл-
тін шашбауына тағып алды. Жауырынынан əрең асатын бес 
тал  шашының  ұшында  күміс  кілт  жылт-жылт  еткен  сайын 
тербеле басады. Үстіне апасы берген бар жақсысын киіп ала-
ды.  Шапаны биқасап, қызылала бəтес көйлек, дүрия жең  сіз. 
Ақ үй дің салтанатты баспалдақтарымен сыртқа бір кі  ріп, бір 
шы  ға  ды. Елден келіп ат байлап жатқандарды көрсе көз де рі-
не түсіп қалу үшін қақпа жаққа əрнені сылтау етіп бар ғыш-
тай береді. Таныстар кездесіп қала ма деп үміттенеді. Қо  ңыр 
ауылдан шыққан қойшының қызын кім танысын, тек «Мыр-
за ның тоқалы осы екен ғой», – деп іштен ойлайды да кейбі-
реуі бас изеп, кейбіреуі тіпті қарамай да өте шығады. 
«Осыдан  мырзама  ұл  тауып  берейін,  көрсетермін  татар 
қа  тын  ға  жағынғанды.  Өздерінше  мені  кісі  демейді  ғой», – 
деп  іштен  тыртиып  жүрді.  Күн  сайын  аяғын  еріне,  санап 
басатын, басын шалқайта ұстайтын əдет жамады. «Мыр зам-
мен олай сөйлесем, былай сөйлесем...», – деп күні бойы өзі-
мен-өзі əлек қиялдан.
Күндердің күнінде елден апасы келді, Қантай же ңе ше сі-
мен. Олардың қақпадан енгенін байқап қалған бір қыз мет ші 
əйел үйге жүгіре кірді де:
– Жеңеше, апаңыз келді! – деп қуана жеткізді. 
Өзі иіліп тұр екен, татар қатынға қызмет еткендей. Хади-
ша ішінен не пəле ойлап жүрсе де, шындығында жас əрі бала 
емес пе хабаршының соңынан жүгіріп ала жөнелді де сырт-
қы есікке жақындағанда əлгінің қажейкесі екені есіне тү сіп 
кетті. Артынан қалмай құлдыраңдап келе жат қан ға бұ ры лып 
апасы мен жеңешесіне жақындағанда оларға естірте:
– Шəлиға, шəй қамдап, қонақтарды күтуге кірісіңдер! – 
деп бұйрық берді. Хадишаның даусы сенімсіздеу шықса да 
құлы  артына  бұрылып  қазандық  үйлерге  қарай  жүгіре  жө-
нел ді.  Құлдың  құлдыраңдағанын  көргенде  Хадишаның  ба-
қыт тан басына қан жүгірді. Өзі:




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   272




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет