Сәуле Досжан 19
жары кінəлі жандай аяғын баяғыдай еркелеп, бəй бі ше сі нің
аяғының үстіне салып қойып, алаңсыз пішінде асын ішті.
Хадиша төмен қарап гүлді шыныаяқтарға шəй құйып
отырды. Баласыз үй деген қиын ғой, үшеуінің кеселерінің
сылдырынан басқа дыбыс жоқ. Арслан арыстай боп төрде
қос-қостан құс жастықтарды құшақтап жатыр. Екі əйелі екі
жақ тан үнсіз бірін-бірі іштей аңдып отырғандай.
Ақ сəтен дастарқанның үсті толған дəмді тамақтар. Кү міс
жалатқан ыдыстар терезеден түскен таңғы сəулемен жар қы-
рап көз тартады. Болыскей самауыр екі иығынан дем алып,
Лепсіден алдырған сексеуіл шоғының хош иісі бөлмені алып
барады. Шəй ыдыстары қойылған күміс пəтністен Хадиша
өзі нің суретін көріп отыр. Кішкентай саусағы шо ша йып, ма-
йы сып шəй құяды. Сүтін қоюлап құйып бар ықы ла сы мен
кү йе уі не ұсына беріп еді, орта жолдан бəйбіше қа ғып алып
ары қарай жалғап ерінің алдына бипаздап қой ды. Шəй ге қо-
сым ша қуырған қырғауыл келді. Қыз мет ші лер та бақ тар ды
арылы-берілі тасып, зыр жүгіреді. Əлдене деп жас қо жəй-
ке ле рі ненбірдеңелерді сұрап қояды. Олардың осы жасаған
қыз мет те рі нің бəрі Хадишаның мейманасын тасытты.
Арслан түнде ғана болмаса күн баласы тоқалына жолай
бермейді. Кеңесетін мəселені де, ақылдасатын шаруаны да
бəй бі ше сі мен шешеді. Қызметшілер де соның айтағымен
жү ре ді. Елден келгендер де соның əуеніне төңкеріледі. Со-
ның бəрі күндер өте іштей Хадишаның жынына тиіп жүрді.
Нұриямен салыстыратын түр-сымбаты да жоқ.
Оқыған татардың қызымен жарыстыратын білімі де жоқ.
Болған жерден келген татардың қызымен төркін де са-
лыс ты ра алмайды. Бетінен ала түсіп қайтарып тастайын
десе бəле татар қатын тілі майдай, ұрысып та жарытпайды.
Ба йы на айтып өтірік шағынайын десе, байы өзімен манды-
тып сөйлеспейді. Тек еркектік парызын атқарады да теріс қа-
рап қор ете түседі...
Сонда да Акметовтардың босағасынан аттағалы Ха ди-
ша ға атасында жоқ паңдық пайда болды. Айналасындағы