Үлкен үйдегі үрей Қарқаралы өңірінде ХХ ғасырдың басында, одан да əрі
ХІХ ғасырдың екінші жартысында терістік ендігімізді алып
жатқан Орыс империясының отарлауы басталды. Бо дан дық-
тың қыл бұрауы тасталып, байтақ жерді өз ге лер ден бұрын ба-
сып алуды ойластырды. Жанталаса ұмтылды. Алдымен ібір-
сібір жақтан айналып өтіп терістікте жатқан Түмен, Қор ған,
Омбы қалаларынан шыққан қайыс белдікті, штыкты мыл тық
асынған казак солдаттары Ертіс, Есіл өзендерін жоғары өр леп
лек-легімен келіп жатты. Қос өзеннің сағасына ірі бе кі ніс тер
салды. Сайын далада малын бағып, кейбірі ауылдарда егі нін
салып жайбарақат өмір кешкен кеңқолтық қазақтарды сусыз,
шөлейт кеңістікке ит қосып қуды. Көнбегенін тұтқынға алып
итжеккенге айдады. Бара-бара орыстар орталық Са ры ар қа
жеріне дендей еніп түпкірледі.
Солдат легінің соңынан ілескен ішкі Ресейден, Еділ бо-
йы нан жерге таласып, қырқысқан орыс мұжықтары «пере-
селен» деген ат жамылып, көктемгі тасқын судай ағы тыл-
ды. Ақ патшасы жаңа қонысқа көш түзеген переселендерге
«ең тəуір, құнарлы жерге» деген айрықша белгісі бар рұқ сат
қағазды құлаш-құлаш тегін үлестірді. Əр переселенге соқа-
сайманға, кіре пұлға деп арнайы жəрдемақы да төлеп отыр-
ды. Сол переселендердің соңынан Еділ бойынан, Қа зан нан
сауда жасап үйренген татар бақалшы саудагерлері ілесіп
келді. Бір ғажабы арғы ғасырдың аяғына таман ішкі Ресей-
ден ауып келген орыс переселендері жолдағы кенді қала
Қарағандыға, қиын шахта жұмысына ат басын ірік пей, сол
заманда ну тоғайға малынып тұрған Қарқаралы, Шың ғыс тау
жағына ұмтылған. Тоғайы киіздей, сарқыраған ағынды өзен
бойына босып келіп қоныс тепкен орыс переселені жылдам
ес жиды. Ен байлыққа гүп есте түсті. Мəйегінен майы там-
ған құт өлкеге табан іліктірген қаратаяқтар жылдам ба йып
шыға келген. Тіпті бірер жылда көше алмай қалған.
Əбден байып, қаржылы болып алған əлгі мұжықтар ішкі
Ресейге тамыр-танысына хат жазып: «Көшіп келіңдер! Бат-