Бағдарламасы бойынша шығарылды Досжан С. Д 64 Үлкен үйдегі үрей. Алматы: Жазушы, 2013. 304 бет



Pdf көрінісі
бет3/272
Дата10.07.2020
өлшемі1,47 Mb.
#75054
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   272
Байланысты:
Үлкен үйдегі үрей

Үлкен үйдегі үрей
Қарсыласарға амалы жоқ əйел қақпаның ауыр ілгегін кө-
тер ді...
Ар жақтан денелі ер адам еркін адымдап кіріп келді. 
Жалғыз екен...
Қол беріп амандасқан да жоқ, ешнəрсе деген де жоқ, əйел-
ді  мысымен  баса  қақпадан  аттады.  Есі  кетіп  тұрған  əйел ге 
қарамады да, алшаңдай басып үйге беттеді. 
Сол жүрісімен өз Отанына келгенін сездірді!
Оның алп-алп басқан əр қадамы əйелдің жүрегін жан шып 
кетіп бара жатты...
Əйел жан-жағына қарайлап алып, қақпаны қайта жапты 
да ілбіп еркектің соңынан ілесті. Ілесті деймін-ау, жүріп келе 
жатқанын не қалқып келе жатқанын өзі де білмейді.
«Бəсе, бəсе... кейінгі күндері жүрегім аузыма жиі ты ғы-
лып бір жаманшылық келе жатқанын сезіп жүр еді. Қо лым 
ештеңеге бармайтын. Есіме өткен күндер түсіп, түсіме осы 
жирен  шал  кіре  беретін...», – деп  өзімен  өзі  күбірлеп  еріп 
келеді. 
Заманында мынау алдында кетіп бара жатқан жирен шал-
дың  əкесі  салдырған  кірпіш  үйдің  ауласы  да  ат шап ты рым 
екен.  Мана  шығып  бара  жатқанда  ауыз  сенекте  қал дыр
  
ған 
ал ты лық пілте шамға жеткенше алты сағат өткендей болды. 
Алдында кетіп бара жатқан еркек əкесінен қалған үй дің 
есігін екпінмен ашты. 
Алтайдан алдырып салған ағаштан құрылған есіктің сал-
ма ғы əйелді жаншығандай болды. Жан дүниесі қор қы ныш-
тан жапырылып қалды...
 Еркектің артынан еріп кірген, кіреберіске үстіндегі жел-
бе ге йін қай жерге тастағанын білмейді. Ішкі есік шал қа сы-
нан ашық, еркек қалай тез күпісін шешкенін қайдам, жа да ға-
йы мен төргі бөлменің ортасында тұр. 
Əйел  лəтта  орамалының  шетін  тістеп  тұрып,  жүрегі  ау-
зына тығылып:


Сәуле Досжан
5
– Төрем, бұл кісі – Арслан ғой! – деді күйеуіне, үні іріп 
шы  ғып.  Одан  ары  «жирен  шалдың»  тегіне,  өзіне  қа тыс ты 
анық та уыш қоса алмады. Оған жүрегі дауаламады. 
Болыскей төсекте жатқан күйеуі «Арслан ғой!», – деген 
сөзді ести сала дереу басын көтеріп қарады да, атып тұрды. 
Төсек сынардай сықырлады. 
Ұзын дəлізбен жүгіріп келе жатқан ұл баланы бой же тіп 
қалған əпкесі түпке қарай сүйреді. 
Үйге  бір  сұмдықтың  енгенін  балалардың  да  жүрегі  сез-
гендей...
Төсектен  тұрған  еркек  не  істерін  білмегендей,  алақ тап 
əйеліне қарады. Арслан əлі үйдің ортасында тұр. 
Əйел өте кінəлі де, мұңды дауыспен:
– Отырсаңызшы, – деді де орыс тұрмысындағыдай жа сал-
ған  ортадағы  дөңгелек  үстелге  енгізіп  қойған  орын дық тың 
бі ре уін  шығарды.  Өзі  барып  бөлменің  шетінде  тұр ған  ағаш 
сə кі ге жайғасты. Сол-ақ екен күйеуі де келіп жанына отырды. 
Екі кештің арасында келген қонақ – Арслан жан-жа ғы на 
сағынышпен қарап, қолын беліне тіреп, талтайып тұр ды да 
біраздан соң барып əйел ұсынған орындыққа аяғын ай қас ты-
рып отыра кетті. 
Үшеуінде де үн жоқ. 
Үшеуінің ойы үш жақта...
Əйел мен күйеуі қорқыныштан өліп барады. 
Арслан сағынышпен шаңырақтың əрбір бұрышына, еден-
нің  əрбір  тесігіне  қарайды.  Ол  үшін  мына  екі  міскін  жоқ 
сияқты. Олар сөйлемесе де қабырғалар тіл қатып, əкесінен 
қал ған  дүние-мүлік  сайрап  тұрғандай.  Бір  замандағы  əке-
сі нің  жұртты  таңдандырған  үлкен  кітапханасының  кі тап-
та рын да ғы  ғұламалар  төрде  тізіліп  отырғандай...  Əке сі нің 
маңдай терімен салдырған үйі иесін танып зар жылап тұ рып 
амандасқандай. 
Жан дүниесі езіліп өткені есіне түсті...
Бұл үй – құпия сырдың қоймасы...


6


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   272




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет