əдістерінің негізін қалады. Біртіндеп өндірушілер «кемістік» жəне «сапа»,
Кəсіпорынның негізгі міндеті-өнімнің техникалық шарттар талабына
сəйкестігін қамтамасыз ету емес, ал тұтынушылардың бұйымның сапасы
туралы ұғымын қанағаттандыру. Сонымен сапаны қамтамсыз ету
жұмысында кəсіпорынның ұжымының түгел жұмылуы, жұмысшыдан
жоғарғы басшылыққа дейін керек екендігі түсінілді.
Осы концепцияға сəйкес қызметкерлерді бұйыру əдісі бойынша оқыту,
сонымен қатар талдамалау жəне мəселелерді шешудегі ептілікке үйретудің
керектігі болды. Сапа негізінде жалпылап басқару идеясы (ТQM) Арманд
Фейгенбауммен ұсынылды. ТQM қағидалары Жапонияда іске асырылды,
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін ол экономиканың тездеп өсуін
қамтамасыз етті.
Кəсіпорынның одан əрігі ұйымдастырулық жетілуі келесі бағыттар
бойынша жүрді:
1. ТQM қағидаларының экономикалық өндіріс əдістері жəне «дəл мезгілде
өндіру» концепциясымен шоғырлануы.
2. Сапа менеджмент жүйесін енгізу 9000 сериялы ИСО стандарттарының
талаптарына сейкес.
3. Іскерліктің моделінде ЕFQM критерилерді пайдаланып өзімен бағалау
жолымен бизнес үдерістерді жетілдіру.
Сапаны басқарудың қазіргі тəсілі ұйымдастыруды жетілдірудің барлық
атап өткен бағыттарын бірегей жүйеге келтіруге,барлық қызығушылық
танытқан тараптардың қанағаттануына жету мақсатымен біріктіруді
шамалайды. Əлемдегі сапаны жақсарту бойынша ынталандырудың əрекетті
құралы, сапаны басқаруды бұдан былай дамытудың жүйелі тəсілінің бір түрі
болатын ұлттық жəне халықаралық сыйлықты тапсыру болды.
Сапа саласында сыйлық беру үшін ұлттық жарыстар əлемнің 70-нен
астам елінде жүргізіледі. Ең бір абыройлы сапа сыйлығы Жапониядағы
Деминг жүлдесі, АҚШ-дағы Малькольм Болдридж ұлттық сапа сыйлығы
жəне Еуропалық сапа жүлдесі.
Деминг жүлдесі 1951 жылы, Э.Демингтің Жапонияда сапаны дамытуға
қосқан үлесінің үлкен абыройына арналды.
Малькольм Болдридж сыйлығы 1987 жылы тамыз айында
ұйымдастырылған. Еуропалық сапа сыйлығы сапаны басқару (EFQM) Еуро
па-лық фондымен құрылған. Марапат 1992 жылдан бастап жылсайын
өткізіледі.
ҚР-ның Президентімен «Сапа саласында жетістікке жеткендігі үшін»
озық кəсіпорындарға жыл сайын «Алтын сапа» жүлдесі беріледі.
Осы конкурстың негізгі идеясы отандық өнімнің бəсекелестігін арттыру,
Қазақстандық өнімдердің сыртқы экспорттық базарға түсуі,отандық
өндірушілерді ынталандыру, сапаны басқарудың жоғары тиімді əдістерін
енгізу жəне т.б.
12