2-күн 1-2-сабақтар Тақырыбы: 1-сабақ: Сыныпты қадағалау әдістемесі.
2-сабақ: Мұғалімдерге нені білу міндет? Сынып мәдениеті мен оқу ортасы.
Мақсаты: Мұғалімдер сыныпта қадағалау жүргізу әдістемесіне талдау жасайды және
ғаламдық мәдени айырмашылықтар, қоршаған орта факторларының сынып
мәдениетіне әсері туралы қорытынды шығарады.
Оқу нәтижесі: Мұғалімдер өздерінің сыныпта қадағалау жүргізу дағдыларын бағалайды,
қадағалаудың құрылымдалған және құрылымдалмаған түрлерін
салыстырады. Сонымен қатар мәдениет санатына анықтама беріп, аталған
термин оқу ортасымен қалай байланысатынын түсіндіреді.