Бағдарламасы мектеп тренеріне арналған нұСҚаулық



Pdf көрінісі
бет2/163
Дата05.08.2020
өлшемі1,1 Mb.
#76190
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   163
Пайдаланылған әдебиет
1.  Қазақстан  Республикасы  Президентінің  2010  жылғы  7  желтоқсандағы  №1118 
Жарлығымен  бекітілген  Қазақстан  Республикасында  білім  беруді  дамытудың  2011–
2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы.
2.  Barber, М., Mourshed, М. & McKinsey., (2007). Report «Consistently high performance: 
Lessons from the world’s top performing school systems». [Мектепте  орнықты  жоғары 
сапалы оқытуға қалай қол жеткізуге болады].


| 5 |
Center
of Excellence
МҰҒАЛІМДЕРДІ ӨЗГЕРМЕЛІ ӨМІРГЕ ДАЙЫНДАУ
Мұғалімдер күн сайын күрделі шешім қабылдап жатады. Бұл шешімдер түрлі білім мен 
пікірлерге  сүйенеді  және  әрбір  оқушының  не  үйреніп,  келешекте  неге  қол  жеткізуге  тиіс 
екендігіне бағытталған. Осыған байланысты мұғалімдер оқушыларды олар өмір сүруге тиіс 
өзгермелі  әлемге  дайындауда  маңызды  рөл  атқарады.  Мысалы,  бүкіл  әлемдегі  оқушыларға 
айтарлықтай әсері болатын елеулі факторлардың бірі – инновациялық технологиялардың кең 
таралған түрін пайдалануға байланысты білімге оңай қол жеткізудің артып келе жатқандығы. 
Білімге қол жеткізудің күн сайын артуының нәтижесінде мұғалімнің рөлі өзгереді. Алайда, бұл 
мұғалім рөлінің біркелкілігін білдірмейді, керісінше, мұғалімнің рөлі барынша артады және 
оқушылардың білімге қалай сыни қарайтындығына бағытталатын болады.
Сондықтан өзгермелі өмірде мұғалімдер барлық сатыларда оқу бағдарламасына енгізілетін 
өзгерістермен  және  пәндік  салалардағы  әзірлемелермен  бірге  дамып  отыруға  тиіс.  Күрделі 
үдеріс болып табылатын оқыту шеберлігін толық игеріп шығу бүкіл ғұмыр еншісіндегі мәселе, 
міне, сол себепті де тәжірибеге үнемі ерекше назар аударылатын болса, мұғалімдер қызмет 
барысында өзін жетілдіруді жалғастыра бермек. Осы мақсатта мұғалімдердің даму түсінігімен 
ұштастыра  оқыту,  оқушылардың  ішкі  мүмкіндіктерін  ашу,  оқудағы  ерекшеліктерді  түсіну, 
көптеген тәсілдердің, тілдік және мәдени әсер мен мінез-құлық және дағдының, қызығушылық 
және оқыту амалдарының болатынын жете түсінуі қажет болады. Оқыту және оқу саласындағы 
негізгі білімнің болуымен қатар, мұғалімдерге қандай өзгерістер болып жатқаны және қандай 
стратегияларды  алдын  ала  қабылдау  қажеттігі  туралы  барынша  дәлелді  тұжырым  жасауға 
мүмкіндік беретін қосымша ақпарат жинауға тура келеді. Шешім қабылдау үдерісінде мұғалім 
үшін ең маңыздысы оқушының қызығушылығы болып табылады.
Осылайша, оқушыларды өзгермелі өмірге дайындаудан күтілетін нәтиже үдесінен шығу 
үшін мұғалімдерге оқу бағдарламасы шеңберінде шектеліп қалмауға мүмкіндік беретін жаңа 
дайындық түрі қажет болады. Бұл мұғалімдерді өзгермелі өмірге дайындаудағы үш маңызды 
мәселеге тіреледі. Олар:
•  Өз қызметі аясында, оқу үдерісі мен өз оқушыларын дамыту үдерісінде сарапшы болу 
үшін құзырлы мұғалімдерге қандай білім түрлері қажет болады?
•  Мұғалімдерге  әртүрлі  оқушылар  үшін  тиімді  оқу  тәжірибесін  ұсыну,  оқушылардың 
идеялары туралы кері байланыс ұсынып, өзінің мұғалімдік тәжірибесін сыни бағалау 
және оны жақсарту үшін қандай дағдылар қажет?
•  Әр баланың жеке тұлға есебінде де, кәсіби ұжым мүшесі ретінде де табысқа жетуіне, өз 
білімі мен дағдыларын дамытуды жалғастыруына көмектесу үшін мұғалімдерге қандай 
кәсіби міндеттер қажет? (Bransford, Darling-Hammond and Le Page, 2005) 
Құзыретті  мұғалімдердің  нені  білуге  және  үйренуге  тиіс  екендігін  анықтау  қарапайым 
міндет  болмағандықтан,  жоғарыда  аталған  мәселелер  –  күрделі  дүниелер.  Мұғалімнің  іс-
әрекетіне нақты бағдар беретін бір ғана әдіс-тәсіл бар деуге болмайды. Алайда, қолданыстағы 
халықаралық бағдарламалардың қалай жұмыс істейтінін зерделеу және ғылыми әдебиетті оқу 
арқылы білім берудің жалпы байланысын және негізгі базасын анықтауға болады. 1-суреттегі 
диаграммада осы түйінді білімдер өзара байланыстырылған.


| 6 |
 
1-сурет. Мұғалімнің түйінді білімдері
Диаграммада әр мұғалім үшін маңызды болып табылатын білім, білік және дағдылардың 
негізгі 3 саласы көрсетілген. Оларға:
•  оқушылардың әлеуметтік тұрғыдан қалай дамып, оқитындығы туралы білімі;
•  оқу бағдарламасының мазмұны мен мақсаттарының тұжырымдамалары; оқытылатын 
пәнді және әлеуметтік білім беру мақсаттары тұрғысынан қалыптасатын дағдыларды 
түсінуі;
•  бағалау және оқу ортасын қолдауға бағытталған пән мазмұны мен оқыту әдіс-тәсілдері 
тұрғысынан оқытуды түсіну жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   163




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет