| 10 |
сын тұрғысынан ойлануға көмектесу үшін олардың тапсырмаларына және берген жауаптарына
байланыстыра сұрақ қояды. Тыңдаушылардың бір-біріне шығармашылық және сын тұрғысынан
ойлау қабілетін дамытатын сұрақ қоюы ынталандырылады. Мұғалімдерге оқылым, талқылау
және зерттеу арқылы өз идеяларын жүзеге асыру ұсынылады.
Мектеп тренерлері неліктен оқыту мен оқудың қағидаттары, құрылымы мен теориялары
жұмыс әдістерін дамытуға және өзгертуге көмектесе алатынын біледі.
Бағдарламаны жүзеге асыруда мектеп тренерлері оқыту мен оқу туралы заманауи
идеяларды түсінетіндігін көрсетеді. Олар мұғалімдерге оқу тәсілдері мен стратегияларын
жақсылап ойластырып (зерттеп) өзгерту оқушылардың оқу үдерісіне жағымды әсер ететінін
түсінуге көмектеседі. Мектеп тренерлері алдағы тәжірибелік қызметтерінде пайдалы болу үшін
мұғалімдердің белгілі бір қағидаттарды, құрылым мен теорияларды қолдануды ойластырып,
оның нәтижелерін талқылауын көтермелейді. Олар мұғалімдерге өзгеріс енгізу қажеттігі мен
талап етілетін өзгерістерді бағамдау тәсілдерін анықтау үшін осы қағидаттарды, құрылым мен
теорияларды пайдалануды ұсынады.
Достарыңызбен бөлісу: