Барлық мұғалімдерді жұмысқа тарту және тапсырма беру Мектеп тренерлері теңдік, айырмашылықтарды құрметтеу және мүмкіндіктерді іске асыру ұғымдарын қалайша алға жылжытып, оларды тәжірибеде қалай пайдалану керектігін біледі. Бағдарлама Қазақстан Республикасының барлық оқушыларының оқу ортасын жақсартуға
бағытталған. Сондықтан, Бағдарлама шеңберінде жүргізілетін жұмыстар мен пікірталас-
талқылаулардың барлық түрлері теңдік, айырмашылықтарды құрметтеу және мүмкіндіктерді
іске асыру қағидаттарына негізделеді. Оқыту мен оқудың барлық аспектілері барлық оқушылар
бірдей құнды, келешегі зор және дамуға қабілетті деген ұстанымға негізделеді. Мектеп
тренерлері әртүрлі оқушылар топтарын талқылауда сөздерді сақтықпен таңдай отырып,
мұғалімдерге өздерінің оқушылардың әртүрлі топтарына деген көзқарасын сын тұрғысынан
қарастыруға ынталандырады. Мұғалімдер барлық оқушылардың қазіргі кездегі деңгейінен
барынша жоғары деңгейге көтеріле алатынына сене ме? Олар тереңдетіп оқытуды ынталандыру
барлық оқушылар үшін маңызды деп санай ма?
Мектеп тренерлері оқушылар өз әлеуеттерін толығымен ашу үшін оларға үлкен үміт арту керектігі неліктен маңызды екенін біледі. Оқыту шаралары барлық оқушылар белгілі бір қолдау көрсетілген жағдайда қазіргі
кезеңдегіден әлдеқайда жоғары деңгейге көтеріле алады деген алғышартқа негізделген.
Мектеп тренерлері барлық қағидаттарды, әдістер мен стратегияларды тыңдаушылардың
әлеуетін ашу тұрғысынан қарастыратын сынып жұмысын жоспарлайды. Олар сонымен бірге
осы Бағдарламаға қатысушы ретінде мұғалімдерге үлкен үміт артып, олар кәсіби шеберлік
тұрғысынан өсіп, курсты табысты аяқтайды деп күтеді. Мектеп тренерлері жекелеген
тыңдаушыларға курсқа қызығушылықпен әрі терең негізде қатысуға және тапсырмаларды
орындау сапасын арттыруға көмектесе отырып, қажетті қолдау көрсетеді және бақылайды.
Мектеп тренерлері білім алу үдерісі шектеусіз жүретін біріктіруші және ынталандырушы оқу ортасын қалыптастырады. Олар барлық тыңдаушыларды қызықтыратын және қатысуға шақыратын оқыту мен оқудың көптеген стратегияларын қолданады. Мектеп тренерлері әрбір мұғалім барлық оқыту шараларына қатысуға мүмкіндік алуын
қадағалап отырады. Олар барлығы қатыса алатын және мұғалімдерге әртүрлі деңгейде жұмыс
істеуге мүмкіндік беретін тапсырмалар әзірлейді. Қосымша ресурстар барлық тыңдаушыларға
таратылады. Мектеп тренерлері кей мұғалімдерге тапсырмалардың жеке түрлері немесе қолдау
қажет екенін түсінеді және оны қамтамасыз етуге тырысады. Мектеп тренерлері Бағдарламаға
қатысушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін әртүрлі жұмыс бағыттарын таңдап,
| 11 |
Center
of Excellence
әртүрлі нәтиже күтуі мүмкін. Мұғалімдердің жүктемесі жеткіліксіз деп санаса, қосымша
тапсырма ұсынып, мұғалім жаттығуды орындауға толық қатыстырылмаған жағдайда оған
қолдау көрсетеді.