Бағдарламасы мектеп тренеріне арналған нұСҚаулық


Мониторинг, бағалау және кері байланыс



Pdf көрінісі
бет8/163
Дата05.08.2020
өлшемі1,1 Mb.
#76190
түріСабақ
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   163
Мониторинг, бағалау және кері байланыс 
Мектеп тренерлері оқуды бақылау, қолдау және тексеру үшін жауап алу мен тыңдаудың 
тиімді әдістерін пайдаланады.
Оқу  барысында  мектеп  тренерлері  қалыптастырушы  бағалауды  қолдана  отырып, 
мұғалімдердің оқуы мен табысқа жетуін қолдауға басты назар аударады. Олар мұғалімдерді 
алуан  түрлі  оқыту  шараларына  тарта  отырып,  тыңдаушылармен  байланыс  орнатады  және 
білімі  мен  түсіну  дәрежесін  бағалап,  оны  тереңдету  мақсатында  сауалнама  қолданады. 
Олар оқытуды кеңейту үшін алдағы уақытта қандай қолдау қажет екенін түсіну мақсатында 
таныстырылым көрсету, тапсырма мен жаттығу орындау кезінде жекелеген тыңдаушылар мен 
шағын топтардың жауаптарын бақылайды.
Мектеп тренерлері оқытуды бақылап, қолдау көрсету үшін қалыптастырушы бағалау 
әдістерін қолданады. 
Мектеп  тренерлері  мұғалімдердің  алға  ілгерілеуін  қадағалай  отырып,  оқудың  барлық 
сатыларында  қалыптастырушы  кері  байланыс  ұсынады.  Оқу  кезіндегі  мониторинг  пен 
кері  байланыс  тыңдаушылардың  Бағдарлама  идеяларын  білуі  мен  түсінуіне,  курс  соңында 
тапсырылатын  рефлексиялық  есепке  негіз  болатын  сабақтарын  жоспарлауға  бағытталады. 
Жоспарланған сабақтарды өткізу кезінде мектеп тренерлері мұғалімдердің тәжірибеге енгізу 
жоспарланған өзгерістерді жүзеге асыруы мен бағалауын бақылайды. Жұмыстарына көмектесу 
үшін  олар  тыңдаушыларға  кері  байланыс  ұсынады.  Сонымен  қатар  мектеп  тренерлері 
мұғалімдер есебінің бастапқы нұсқасымен танысады. Олар бағалаудың негізгі өлшемдеріне 
сәйкес  келуі  үшін  жұмысты  қалай  жақсартуға  болатыны  туралы  топтық  және  жеке  кері 
байланыс ұсынады.
Мектеп  тренерлері  оқытудағы  келесі  қадамдарды  жоспарлау  үшін  Оқу  үшін  бағалау 
қағидаттарын ұстанады. 
Мұғалімдердің сабаққа қатысу деңгейін, жауаптары мен жазбаша жұмыстарын бақылай 
отырып, мектеп тренерлері жеке және топтық оқу туралы дерек алады. Бұл деректерді алдағы 
сабақтарын жоспарлау кезінде пайдаланады. Мысалы, мектеп тренерлері дау туғызған немесе 
түсініксіз сұрақтарды байқап, олар бойынша топқа қосымша ақпарат бере алады. Олар кей 
мұғалімдер өз есептерінде жақсы мысалдар келтіргенін, ал кейбіреулердің мысалдары онша 
емес  екенін  анықтай  алады.  Қиындық  сезінетін  тыңдаушылар  тапсырмаларды  барынша 
табысты аяқтау үшін өздерінің әріптестерінен көмек алу үшін мектеп тренері мұғалімдерді 
жұпқа бөліп, өзара бағалау жүргізу туралы шешім қабылдай алады. 
Мектеп тренерлері тыңдаушылардың бар білімдерін жаңа білімді игеруге негіз етіп алып, 
олардың оқуы мен тәжірибесін дамыту үшін тәлімгерлік етеді. 
Мектеп тренерлері өз топтарындағы мұғалімдердің сабақ берудегі тәжірибесі әртүрлі екенін 
біледі. Әртүрлі жастағы балалармен жұмыс істейтін немесе әртүрлі пәндер бойынша сабақ 
беретін мұғалімдер кездеседі. Сонымен қатар, еңбек өтілі әртүрлі мұғалімдер болады. Мектеп 
тренерлері өздері ұсынған жаттығулардың белгілі бір тыңдаушыларды шеттетпей, керісінше 
оқыту үдерісіне өз үлесін қосуға мүмкіндік беруін қадағалайды. Мұғалімдердің метатанымы 
мен өз жұмысын жетілдіру әдістері туралы білімін дамыту үшін мектеп тренерлері жекелеген 
тыңдаушылардың өздерінің оқуы мен тәжірибесін қалай түсінетінін талқылайды. 
Мектеп тренерлері тыңдаушылардың білім алуына ықпал ету үшін оларды өзара және 
өзін-өзі бағалау үдерісіне тартады. 
Мектеп  тренерлері  мүмкін  болған  жағдайлардың  барлығында  өзін-өзі  және  өзара 


| 12 |
бағалауды қолданады. Бұл тыңдаушылар үшін пайдалы екені сөзсіз, бірақ тренер тарапынан 
жүргізілетін  мониторинг  пен  бағалауды  алмастыра  алмайды.  Мұғалімдерге  рефлексиялық 
есепке енетін іс-шаралар туралы жазбаларымен алмасу және ол бойынша пікірлерін білдіру 
үшін қоғамдастықты пайдалануды ұсынуға болады. 
Мектеп  тренерлері  оқуға  қолдау  көрсетіп,  дамытуға  бағытталған  сындарлы 
қалыптастырушы бағалау мен кері байланыс ұсынады.
Мектеп  тренерлері  ұсынатын  қалыптастырушы  кері  байланыс  ауызша  немесе  жазбаша 
болуы мүмкін. Ол орындалған жұмыстың бағдарламаның негізгі үш өлшеміне және тапсырма 
үшін  арнайы  белгіленген  басқа  өлшемдерге  сәйкестігін  немесе  сәйкес  еместігін  анықтауға 
қатысты болады. Қалыптастырушы кері байланыс мұғалімдердің білімі мен түсінігін одан әрі 
жетілдіру,  оларды  тәжірибеде  қолдану  тәсілдерін  жақсарту  және/немесе  өзінің  тәжірибелік 
қызметі  туралы  ойларын  дамытуға  арналған  ұсынымдарды  қамтиды.  Жақсартудың  қандай 
тәсілдерін  пайдалану  керектігін  тура  айтудың  орнына  мектеп  тренерлері  мұғалімдерге  өз 
жұмыс әдістерін қалай жетілдіруге болатынын өздігінен түсінуге түрткі болу үшін сұрақ қояды.
Мектеп тренерлері қандай жиынтық баға қою туралы нақты, сенімді және әділ шешім 
қабылдау үшін тыңдаушылардың рефлексиялық есептерін зерделейді. 
Мектеп  тренерлері  мұғалімдерінің  рефлексиялық  есептеріне  қорытынды  жиынтық 
бағасын  қояды.  Бағалау  жұмыстың  белгілі  аспектілеріне  қатысты  негізгі  үш  критерий 
негізінде  жүргізіледі.  Бұл  талаптар  мен  критерийлер  «Мұғалімге  арналған  нұсқаулықта» 
нақты баяндалған. Мектеп тренерлері мен мұғалімдер оларды жете түсіну бағытында жұмыс 
жүргізеді. Жиынтық бағалау мұғаліммен жеке таныстықты, оның мәртебесін, тапсырмаларды 
орындауға  қатысуын,  мектептегі  тәжірибелік  қызметін  немесе  басқа  жазбаша  жұмыстарын 
ескермейді. Баға қаралатын рефлексиялық есепке қатысты ғана қойылады. 
Мектеп  тренерлері  бағалау  әдістерін  олардың  дұрыстығы,  ақиқаттылығы  және 
негізділігі тұрғысынан талдайды.
Барлық  тәжірибелік  мәселелер  сияқты  мектеп  тренерлері  бағалау  үдерісі  туралы  да 
ойланып, оны жетілдіруге ұмтылады.
Мектеп  тренерлері  өздері  таңдаған  жұмыс  тәсілі  шынында  да  бағалануы  тиіс  нәрсені 
бағалайтыны (дұрыстығы) туралы ойланады. Мұғалімдер идеяларды түсініп, оларды пайдалана 
білді ме, осы идеяларды жұмыста пайдалану нәтижелері бойынша рефлексия жүргізгендігінің 
дәлелдеріне басты назар аударылады.
Мектеп тренерлері өздерінің ойлары басқалардың пікірімен үндесетіндігі (ақиқаттылығы) 
туралы ойланады. 
Мектеп  тренерлері  баға  қою  үшін  оның  деректері  жеткіліктілігі  (негізділігі)  туралы 
ойланады.  Рефлексиялық  есептің  әр  тарауы  бағалаудың  әрбір  өлшемдеріне  әр  дәрежеде 
жауап береді. Барлық тараулардың белгіленген критерийлерге сәйкес келмеуі мүмкін. Мектеп 
тренерлері бүкіл рефлексиялық есепте қажетті шарттардың барлығы орындалғанын көрсететін 
дәлелдер жеткіліктілігі туралы жан-жақты ойластырылған кәсіби шешім қабылдайды.
Мектеп тренерлері тыңдаушылардың оқуы мен өз тәжірибелерін жетілдіру мақсатында 
қалыптастырушы және жиынтық бағалау нәтижелерін талдайды.
Қай тұста қандай қолдау көрсету қажеттігін анықтау үшін оқудың барлық кезеңдерінде 
мектеп  тренерлері  мұғалімдерге  қалыптастырушы  баға  беріп  отырады.  Мұғалімдердің 
идеяларды  түсінбегені,  оларды  тәжірибеде  қолданбағаны  немесе  осы  идеяларды  қолдану 
туралы  сын  тұрғысынан  ойланбайтыны  анықталған  жағдайда,  мектеп  тренерлері  қандай 
қосымша  көмек  қажет  екенін  ойластырып,  оны  қамтамасыз  етеді.  Мектеп  тренерлері  жеке 


| 13 |
Center
of Excellence
мұғалімдер  мен  топтарға  тапсырмаларды  дұрыс  орындап,  олардың  қойылатын  талаптарға 
сәйкес болуына көмектесу мақсатында рефлексиялық есепке қалыптастырушы баға береді.
Мектеп тренерлері қатысушылардың оқудағы прогрестері мен алған бағаларының есебін 
жүргізеді.
Оқу барысында мектеп тренерлері мұғалімдердің сабаққа қатысуын, олардың идеяларды 
түсінуін  және  үйренгендерін  жүзеге  асыруға  дайындық  деңгейін  есепке  алып  отырады. 
Сонымен бірге, мектеп тренерлері мұғалімдердің рефлексиялық есептің тарауларын дайындау 
жұмысын бақылап, есепке алады. Олар жазбаларды өздеріне ыңғайлы түрде жүргізеді. Бұл 
нысандар  қалыптастырушы  бағалау  аясында  прогресті  қадағалау  үшін  де  пайдаланылуы 
мүмкін.
Мектеп тренерлері бағалау туралы қажетті ақпаратты тыңдаушылардың үлгеріміне 
заңды қызығушылық білдіре алатын тұлғаларға хабарлайды. 
Жиынтық және қалыптастырушы бағалау жазбаларын мұғалімнің прогресі мен табыстылық 
дәрежесі  туралы  талқылау  немесе  хабарлауға  негіз  етіп  алуға  болады.  Тыңдаушылардың 
оқуына заңды қызығушылық танытушы тұлғаларға, ең алдымен, мұғалімдердің өздері, мектеп 
басшылығы, білім бөлімдері мен басқармалары жатады. Бағалар туралы деректер тиісті заңды 
құқығы бар адамдарға ғана беріледі. Жоғарыда аталғандардан басқа адамдар бұл ақпаратты 
тек мұғалімнің рұқсатымен ғана ала алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   163




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет