18-күн 1-2-сабақтар 2-сабақ •
Зейінді шоғырландыруға арналған жаттығу;
•
Бағалау критерийлері мен жаттығулардың негізгі оқу мақсатымен
байланысын бағамдау.
Жаттығу: Бағалау критерийлері, оқу жаттығулары және негізгі оқу
мақсаттарының байланысын бірлесе зерттеу мұғалімдердің жеке
тәжірибесіне енгізілген өзгерістер үдерісін байыптауын жетілдіре түседі.
Ресурс: Сабақты жоспарлау үдерісін бағамдау (Білім беру платформасын қараңыз).
Бірлескен жұмысқа негізделген тәсіл: Мұғалімдер келесі критерийлерді қолдана отырып, сабақ жоспарын
өздері бағалайды:
•
Оқу нәтижелері оқушылар деңгейіне сәйкес келе ме?
•
Әр деңгейлі тапсырмалар оқу нәтижесіне қол жеткізуге ықпал ете
ме?
•
Әр деңгейлі тапсырмалар сабақ барысында оқу нәтижесіне қол
жеткізуге ықпал ете ме?
•
Бағалау критерийлері сабақ мазмұны бойынша оқу нәтижелеріне
сәйкес келе ме?
•
Бағалау критерийлері оқу үдерісінің нәтижелеріне сәйкес келе ме?
•
Оқушылар әр деңгейлі тапсырмалар арқылы бағалау критерийлерінің
мазмұнын көрсете ала ма?
•
Оқушылар бағалау критерийлері мен сабақтағы жаттығулар арқылы
оқу үдерісін көрсете ала ма?
•
Бағалау үдерісі оқушылардың нәтижесін бағалау критерийлері
арқылы бағалауға арналған ба?
•
Бағалау үдерісі оқу үдерісін бағалау критерийлері арқылы бағалауға
арналған ба?
Топтар сабақ жоспарларына өзгеріс енгізіп, өзара бағалау үшін
әріптестеріне береді. Топтар өзін-өзі бағалауға арналған критерийлерді
қолдана отырып, жоспарларды зерделейді. Олар «Сабақты жоспарлау
үдерісін бағалау» нұсқаулығын қолдана отырып, жоғарыда көрсетілген
сұрақтардың әрқайсысына кері байланыс ұсынады, «жоқ» деген баға
қойылса, оны қалай жетілдіруге болатыны туралы өз пікірін айтады.
Нәтижесінде әр топ әріптестерінің ұсыныстарын ескере отырып, өз
жоспарларына түзету енгізеді.
•
Сабақты қорытындылауға арналған рефлексия. Сөйлемді аяқтау:
«Сабақты бағалау критерийі – бұл ...»
Қосымша оқу: Педагогикалық диалог (Білім беру платформасын қараңыз).
Кері дизайн әдісі (Білім беру платформасын қараңыз).