18-күн 1-2-сабақтар Тақырыбы: Бағалау критерийлерін анықтау. Бағалау критерийлері мен жаттығулардың
негізгі оқу мақсатымен байланысын бағамдау.
Мақсаты: Мұғалімдер сабақ табыстылығын бағалау критерийлерін әзірлейді,
сабақ жоспарларын өзі бағалау мен өзара бағалау кезіндегі бағалау
критерийлері, жаттығулар және оқу мақсаттары арасындағы байланысты
анықтайды.
Оқу нәтижесі: Мұғалімдер әзірленген бағалау критерийлері бойынша сабақ
жоспарындағы оқу мақсаттарын, күтілетін нәтижелер мен жаттығуларды
бағалайды.
Түйінді идеялар: Сабақтың әдістері мен тәсілдерін күтілетін нәтиженің негізінде
жоспарлау әдісі оқытуды тиімді етуге мүмкіндік береді. Оқушылар мен
мұғалімдердің барлық іс-әрекеті нәтижеге қол жеткізуге бағытталған.
Сабақтың барысы 1-сабақ •
Жоғары белсенді жаттығулар. Рефлексия: жаттығуларда бағалау
критерийлері болды ма? Жаттығулардың жақсы немесе нашар
орындалғанын қалай бағалай аламыз?
•
Бағалау критерийлерін анықтау.
Жаттығу: Жоспарлау бойынша жаттығуды жалғастыру Оқыту әдістері (Білім беру платформасын қараңыз).
Оқу нәтижелеріне қол жеткізуге мүмкіндік беретін бағалау критерийлерін
анықтау.