Сабақтың барысы 1-сабақ •
Зейінді шоғырландыруға арналған жаттығу;
•
Сабақтың сараланған нәтижелерін даярлау
•
Жаттығу: Оқу бағдарламасы негізінде сараланған, нақты оқу нәтижелерін әзірлеу.
Ресурстар: Оқу бағдарламалары
Оқушылар мінездемесі (Білім беру платформасын қараңыз).
Бірлескен жұмысқа негізделген тәсіл: Мұғалімдер жеке оқушыларына сәйкес келетін сабақтарды жоспарлау
үшін нақты пәндер бойынша / жастары бойынша топтарда жұмыс істеу
керек. Топтарға қатысушылар құрамы 2 бастап 4 дейін болу керек. Саны
көп болса, оларды бөлу керек.
Топтар оқу бағдарламасынан тақырыпты таңдап алып, парақтың ортасына
жазады.
Содан соң оқушылар осы тақырып бойынша үйренуі тиіс (оқу мақсаты)
деген тақырыпта «миға шабуыл» ұйымдастырады. Олардың ойлары
басты тақырып айналасында өрбиді. Содан кейін топ мүшелері барлық
оқушыларға қажет деп тапқан бір оқу мақсатын таңдайды.
Әр мұғалім «Оқушылар мінездемесі» үлестірме материалының көмегімен
жеке жұмыс істейді, онда оқу мақсатына сәйкес өз оқушыларының деңгейі,
олардың не білетіні және нені білгісі келетіні туралы ойларын жазып
отырады.
Әр топтағы мұғалімдер өзара пікір алмасып, жалпы оқушыларға арнап оқу
нәтижесінің үш деңгейі туралы шешім қабылдайды. Әр топтағы оқушылар
осы сабаққа дейін білмеген нені білетінін/ үйренетінін атап көрсету
керектігіне назар аударту.