Білім беру бағдарламасы МҰҒалімге арналған нұСҚаулық



Pdf көрінісі
бет4/67
Дата22.08.2020
өлшемі1,05 Mb.
#76469
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   67
Байланысты:
1 Мұғалімге арналған нұсқаулық

Критериалды  бағалау  –  белгіленген  критерийлер  негізінде  білім  алушылардың 

нақты қол жеткізген нәтижелерін оқытудың күтілетін нәтижелерімен сәйкестендіру процесі. 

Елімізде  орта  білім  беру  мазмұнын  жаңарту  аясында  енгізілген,  үздік  қазақстандық 

және  халықаралық  тәжірибені  кіріктіре  отырып  анықталған  критериалды  бағалау  жүйесі 

бірқатар міндеттерді жүзеге асыруға мүмкіндік береді, атап айтсақ: 

 



білім  беру  қызметінің  сапасын  арттыруға  жағдай  жасайтын  объективті  және  нақты  

бағалау жүйесін іске асыру; 




 



халықаралық  тәсілдер  мен  стандарттарға  сәйкес  сапалы  және  бірыңғай  бағалау 

механизмін қалыптастыру; 

 

мұғалімдердің бағалау саласындағы құзыреттілігін арттыру



 

оқушылардың  өз  бетінше  білім  алу  дағдыларын  дамытуға    жағдай  жасау  және 



олардың өз оқуына деген жауапкершілігін арттыру; 

 



білім  алушыларға  олардың  оқуының  сапасы  туралы,  мұғалімдерге  білім 

алушылардың  ілгерілеуі  туралы,  ата-аналарға  балаларының  оқу  нәтижелерінің 

жетістік  деңгейі  туралы,  басқару  органдарына  білім  беру  қызметінің  сапасы  туралы 

объективті, үздіксіз және нақты ақпарат беру. 

Орта  білім  беру  мазмұнын  жаңарту  аясында  енгізілген  критериалды  бағалау  жүйесі 

бағалаудың  екі  түрін:  оқу  жылы  бойына  оқушының  дамуын  қамтитын  қалыптастырушы 

бағалауды және жиынтық бағалауды қамтиды. 

Бағалау  тәсілдері  критериалды  бағалаудың  түрлеріне,  пәннің  мазмұнына  қарай 

ерекшеленуі мүмкін. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   67




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет