қатар, оқылымды барынша тиімді қолдануға көмектесу үшін суреттерді, тақырып
ажырату керектігін, соның ішінде оқу жылдамдығын қалай арттырып, бейтаныс
табуды және қорытындылауды сұрауға болады.
Карелл (1998) оқушылар үшін оқылым әдіс-тәсілдерін білу ғана емес, сондай-ақ сәйкес
келетін әрі тиімді әдіс-тәсілді таңдай білу де маңызды екенін атап көрсетеді. Қазақ тілді
мектептердің оқушылары үшін негізгі мақсат олардың оқылымның тиісті әдіс-тәсілдерін өз
бетінше анықтап пайдалана білуі болып табылады.
Камбурн (1988) оқылымға арнап мәтін таңдаған кезде мәтіннің деңгейіне ғана мән беріп
қоймай, сонымен бірге мәтіннің мазмұны да қызықты болуына назар аударған жөн деп
тұжырымдайды. Себебі мәтін оқушылардың деңгейіне сай келіп, әрі олар үшін қызықты
немесе маңызды болатын болса, оқушылардың ол мәтінді зерделеу үдерісі де барынша табысты
меңгеруді талап ететін міндет. Дегенмен, оқушылар өздері меңгерген шеберліктерін
үнемі көрсете бермейді, өйткені жазу барысында олар өз назарларын басқа дағдыға
шоғырландырғандықтан, айталық, бай сөздік қорын көрсету мақсатында әдемі тілдік
Флауэр мен Хайс (1981) жазу үдерісін авторлар шығарма жазу кезінде жүзеге асыратын
ойлау үдерістерінің ерекше жиынтығы деп мәлімдейді; иерархиялық тұрғыдан бұл өте
көпдеңгейлі үдеріс, әрі ол үдерістер өзара орын ауыстыра беруі мүмкін; жазушының бірнеше
мақсаттарымен басқарылатын ойлаудың нысаналы үдерісі болып табылады және жазушы
өз еркіне қарай өз мақсаттарын екі негізгі тәсілмен таңдайды: жоғары деңгейлі мақсат және
| 30 |
жазушының мақсатты қалай іске асыратынын көрсететін қосымша мақсат белгілеу, екіншісі,
жазу барысында үйренгендерін ескере отырып, мезгіл-мезгіл басты мақсатты өзгерту немесе
мүлде жаңа мақсат белгілеу.
Мұғалім жазу үдерісінің әр кезеңінде оқушыларға қолдау көрсетіп отырады:
• өз бетінше жазудың алдында – идеяны тұжырымдауға қолдау көрсетеді, жоспарлаудың
әртүрлі әдістерін модельдеп көрсетеді және бастапқы нұсқаны (нобайын) жазу үдерісін
ұйымдастырады;
• жазу барысында – оқушылардың нақты іріктелген лексикалық бірліктерді қолданғанын
(тіркестерді таңдау), грамматикасы ережеге сай екенін (мысалы, етістіктің шақтарын
дұрыс қолдануы), сөздердің үйлесімдігін (байланыстырушы сөздердің қолданылуы)
қадағалайды;
• жазып болғаннан кейін – жұмыстың алдын ала белгіленген критерийлерге сәйкестігін
тексереді, түзетеді, жетілдіреді, мәтін аудиторияға сай келе ме, жоқ па, мақсатына
сәйкес пе, жоқ па екенін анықтайды, жазудың одан кейінгі кезеңдерін талқылайды,
қажет болса, оқуды күрделендіреді.
Жазылым үдерісін жоспар-нобай-түзету-жетілдіру түрінде модельдей отырып, әрі
оқушыларға осы ретпен жұмыс істеуге жағдай жасай отырып, мұғалімдер оқушыларға кідіріс
жасап, жазылым жаттығуы үшін талап етілетін барлық дағдыларға тоқталып, ойлануға
мүмкіндік беретін жағымды ахуал қалыптастырады.
Феррис (1997) оқушылардың өз жазба жұмыстарына сыныптастарынан тікелей кері
байланыс алуы олардың жазылым сапасына жағымды әсер ететінін анықтады. Берг (1999)
сондай-ақ тиімді жазылым үшін қайта қараудың оң ықпалы зор екенін анықтады.
Мұғалімдердің біліктілігін арттыру курсы барысында мұғалімдер әртүрлі жастағы және
қабілеттері әртүрлі оқушыларға арнап қолданғысы келетін әдіс-тәсілдері анықтап, сондай-
ақ ол әдіс-тәсілдердің оқушылардың танымдық дағдысын дамытуға ықпалын бағамдауға
мүмкіндік алады.
Қазақ тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиетінің оқу бағдарламалары
бойынша оқу мақсаттары оқушылардан жазылым дағдысына қоса айтылым, тыңдалым,
оқылым дағдыларын қолдануды қамтиды. Сондай-ақ «Қазақ тілі» мен «Қазақ әдебиеті»
пәндері бойынша критериалды бағалау және оқытуды жоспарлау» тарауында критериалды
бағалау жүйесі қарастырылатын болады. Бұдан басқа педагогиканың әртүрлі аспектілері
қарастырылады: белсенді оқу, бірлескен оқу, оқушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру
және кері байланыс т.б.
Педагогиканың барлық осы аспектілері сындарлы оқыту теориясымен үйлеседі. Сындарлы
оқыту тәсілдері білім берудің «дәстүрлі» әдістерімен салыстырғанда, оқыту барысында
жоғары нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді (Hattie, 2011). Сындарлы оқыту тәсілдері
оқушылардың жаңа білімді алдыңғы білімдерімен ұштастыра отырып игеруін көздейтін
тұжырымдамаға негізделеді. Бұл жерде ең маңыздысы оқушылардың алдыңғы алған дағдылары
жаңа дағдыларды меңгеруге үлкен ықпалын тигізеді, ал егер ол ескерілмесе, онда білім тереңге
бармай, үстірт меңгерілген таяз білім болмақ. Мұндай үстірт білім оқушыға қазіргі әлемде
жетістікке жету үшін қажетті жоғарыда аталған сын тұрғысынан ойлау, рефлексия және басқа
да аспектілерді, алған білімді қолдануына кері әсерін тигізеді. Оқушылар білімді толықтай
меңгеру үшін ақпаратты енжар қабылдамай, сабаққа белсенді қатысуы керек. Оқушылардың
алған білімдерімен жұмыс істеуге, оны әрі қарай өңдеп, өз дағдыларын арттыруға септігін
тигізетін жаттығулармен айналысуға мүмкіндік берілуі аса маңызды болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: