Тыңдалым
Тыңдалым – «анағұрлым маңызды тілдік дағды деуге болады», бірақ «қадағалау анағұрлым
қиынға түсетін» дағды (Chand, 2007).
Шармо (1995) тыңдалым теориясы танымдық үдеріс деп түсіндіреді, бірақ Бак (2001) мұны
екі бөлек ажыратып қарайды: танымдық және метатанымдық. Танымдық әдіс-тәсілдер мен
стратегиялар – түсінуге және қысқа мерзімді (жұмыс) жады/ ұзақ мерзімді жадыға қатысты
үдерістер, ал метатану әдіс-тәсілдері – бұл танымдық әдіс-тәсілдерді басқаратын ішкі сана
әрекеті. Метатану стратегияларын дамыту мақсатында мұғалімдер оқушылармен «әдіс-
тәсілдерімен бөлісіп», бұл «әдіс-тәсілдер олардың түсінігін қалай жетілдіретінін тексеруге
мол мүмкіндік ұсынуға» тиіс (Donohoo, 2013).
Дыбыстық ақпаратты түсініп, меңгеріп, бағамдау үшін тыңдалымның тиімді стратегиялары
қажет. Тыңдалым дағдысын дамытуға арналған сабақты өткізудің негізгі мақсаттарының бірі
оқушыларды тиімді тыңдауға үйрету, яғни ақпаратты түсіну үшін онымен не істеу керек екенін
үйрету болып табылады (Mendelsohn, 1994). Бұл әдіс оқушыларға тиімді стратегияларды қалай
анықтау керектігіне үйрететін тәсілге негізделген стратегияны қалыптастырады. Мендельсон
(1994) стратегия дегенде әрекетті, қадамдар мен техникаларды меңзейді.
Рубин (1975) үздік тілдік әдіс-тәсілдер тілді жақсы меңгерген оқушыларды дайындауға
мүмкіндік береді деп есептейді, алайда ол тыңдалымды оқыту оқылым, жазылым және
айтылымға қарағанда анағұрлым қиынырақ деген болжам айтады. Мендельсон (1995) мұғалімге
оқушылардың білімін тексеруге емес, оның тыңдалым дағдыларын машықтандыруға, оларды
жаттықтыруға баса назар аударуды ұсынады. Сондықтан үздіксіз жаттыға беруді жоспарлау
арқылы тіл мұғалімдері оқушыларына тыңдалым дағдысын шыңдап, метатану стратегияларын
дамытуға көмектесе алады.
Айтылым
Қазіргі заманғы көптеген жаңа тәсілдер ақпараттық-үдерістік модельге негізделеді.
Левелт (1989) төрт үдерісті ұсынады: тұжырымдау (мәтінді жоспарлау), қалыптастыру (мәтін
құру), артикуляция (мәтінді айту) және өзін-өзі бақылау (қателерді тауып, өз бетінше түзету).
Оқушыны сөйлетудің алуан түрлі мақсаттары бар, айталық, қатысу (араласу) үшін сөйлеу,
түсіндіру үшін сөйлеу, өз білімін байқату үшін сөйлеу, бағамдау үшін сөйлеу. Әр мақсат барлық
төрт үдерістің болуын көздейді, алайда әрбір кезеңге жұмсалған уақыт ерекшеленетін болады.
Айтылым оның кімге арналғанына, мақсаты мен мәнмәтінге тығыз байланысты: бір
мезгілде көптеген адам ауызша қарым-қатынасқа түсе алады немесе оның барысына ықпал ете
алады. Жазылым тіліне қарағанда, айтылым тілінде грамматика толық сақталмайды, шаблонды
фразалар мен қайталамалар жиі қолданады. Соның нәтижесінде тыңдаушылар нашар жазылған
мәтінге қарағанда, мардымсыз, сапасы нашар сөзге анағұрлым төзімді қарайды. Принг (2007)
мұғалімдер оқыту мен оқудың барлық аспектілері бойынша оқушының сөйлегенінің маңызын
| 29 |
Center
of Excellence
мойындағанын қалайды, өйткені танымдық тұрғыдан қалыптасу барысындағы оқушылар үшін
оның қалай жүретінін білген пайдалы.
Соған қарамастан, Дэвис (1996) сыныпта тиімді және нысаналы әңгіме жүргізу мұғалімдерге
әдетте қиынға түсіп жататынын анықтады. Басқа дағдылар сияқты, айтылым дағдысына үйрету
де жоспарлы түрде жүргізіліп, оған қолдау көрсетіліп, лайықты түрде бағамдалуы керек.
Оқылым
Оқылым белсенді немесе бейтарап болуы мүмкін. Бейтарап оқылым – оқушылар мәтінге
сыни талдау жасауды мақсат етпей, өзінің қызығушылығын қанағаттандыру үшін оқу. Бұл
оқушыларға мәтін түрлерінің ауқымы кең екенін, лексикасы мен мазмұны бай екенін көрсету
үшін пайдалы болуы мүмкін, әрі оның балалардың сыныптағы оқуына жанама ықпалы бар екені
сөзсіз. Мұғалім оқушыларды өз қызығушылығын қанағаттандыру үшін бейтарап оқылымды
қолдануға түрткі бола білгені дұрыс, алайда сыныпта басты назарда белсенді оқылым тұруы
қажет.
Белсенді оқылым – тілді оқытудың негізгі элементтерінің бірі (Simpson, 1996), мұндай
оқылым барысында оқушы өзінің сыни талдау дағдыларын дамыту мен жетілдіру үшін
мәтінмен жұмыс істеудің әртүрлі кезеңдерінде бірқатар әдіс-тәсілдерді қолданады. Белсенді
оқылымды олар мәтінді игеру үшін, оқығанын терең түсіну үшін және сыни талдау дағдыларын
жетілдіру үшін пайдалана алады. Венден (1985) оқылым әдіс-тәсілдері оқушының өз оқуына
жауапкершілік ала отырып, өзінің оқудағы проблемаларын шешуге мүмкіндік береді деп
қорытады.
Оқылым әдіс-тәсілдері 3 кезеңді қамтиды:
Достарыңызбен бөлісу: |