Қазақ тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі оқу бағдарламасының бөлімдері бойынша
| 31 |
Center
of Excellence
оқу жоспары оқылым, тыңдалым, жазылым дағдыларын және нақты тақырыпты зерттеу үшін
айтылым дағдыларын біріктіреді. Белсенді және аудиовизуалды тәсілдерді біріктіре отырып
жоспарлау және оқыту моделі жазылым бойынша үлгерімін бағалап, жылдам жетілдіруде,
сондай-ақ оқушының көзқарасын өзгертіп, уәжін арттыруда табысты болып шықты, яғни
ол тілді жаттап алу қажет грамматикалық құралдар жиынтығы емес, ақпаратқа қол жеткізіп,
қарым-қатынас жасау әдісі ретінде қарауға мүмкіндік береді (UKLA, 2014). Оқу үдемелілігін
қолдану оқушылардың тіл туралы айту үшін қажетті тілдік қорын (метатіл) ұлғайтатыны
дәлелденді, бұл оқылым, айтылым, жазылым және тыңдалым дағдыларының дамуына игі
ықпал етеді (UKLA, 2014).
Достарыңызбен бөлісу: