Білім беру бағдарламасы МҰҒалімге арналған нұСҚаулық Center of Excellence


Оқушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру және кері байланыс



Pdf көрінісі
бет38/78
Дата23.08.2020
өлшемі0,78 Mb.
#76532
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   78
Байланысты:
Каз Т1 Муғалімге арналған нускаулық

           Оқушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру және кері байланыс

      Оқушылардың  қажеттіліктерін  анықтау  және  қанағаттандыру  жаңартылған  оқу 

бағдарламасының  оқу  жоспарын  рәсімдеуде  маңызды  болып  табылады.  Блэк  және  басқа 

авторлар  (2003)  мұндай  тәсіл  оқушылардың  үлгеріміне  жағымды  ықпал  етіп,  оң  нәтиже 

беретінін айтады және мұны  бірқатар танымдық талдаулар да дәлелдейді.

            Бірінші  кезекте  оқушылардың  күшті  жақтары  мен  олар  кездестіретін  қиындықтарды 

анықтап  алу  қажет.  Бұл  көп  жағдайда  оқушылардың  ауызша  жауаптарын  бақылау  арқылы 

және жазбаша жұмыстарын оқып тексеру арқылы жүзеге асады. Сонымен қатар, бұл ақпарат 

әр оқушының үлгеріміне көмектесетін жаттығуларды жоспарлау үшін пайдаланылады.

Бұл үдерісті табысты етуге көмектесетін бірқатар элементтер бар:

мұғалімдер  оқушылардың  қателік  жіберуге  қорықпай,  тәуекелге  бару  мәдениетін 



қолдайды;

-  мұғалімдер  оқушыларға  өз  жұмысының  сапасын  бағалау  тәсілдерін  ойлап  табуға 

көмектесу мақсатында барлық оқушылармен қарым-қатынас жасайды;

-  мұғалімдер  оқушылардың  оқу  мақсаттарына  жетуіне  мүмкіндік  беру  үшін  оқу 

мақсаттарын  белгілеу  арқылы,  мақсатқа  жетуді  бақылау  және  оқытуды  түзету  арқылы  оқу 

үдерісінің ашықтығын қамтамасыз етеді;

-  мұғалімдер  әртүрлі  оқушылардың  түрлі  қажеттіліктерін  қанағаттандыру  үшін 

оқушылардың түсінуін бағалау тәсілдері мен оқытудың әртүрлі әдістерін үйлестіре қолданады;

-  мұғалімдер  оқушылардың  жұмыстары  туралы  ауызша  және  жазбаша  кері  байланыс 

ұсынады, бұл кері байланыс уақтылы, айқын болып, нақты критерийлерге негізделеді (OECD, 

2005). 

Оқу  бөлмесі  негізінен  күрделі  оқу  ортасы  болып  табылады  және  дәстүрлі  оқытумен 

салыстырғанда,  белсенді  оқу  мен  жекелеген  оқушылардың  танымдық  қажеттіліктерін 

қанағаттандыру  осы  күрделіліктің  артуына  ықпал  етеді.  Мұғалімдер  «сыныпты 




| 41 |

Center


of Excellence

тыныштандырудың»  (мұғалімнің  сабақта  тыныштық  сақталуын  қадағалауы,  өзінің  сөйлеуі) 

орнына,  оқушылардың  мағынаны  түсіну,  заңдылықты  байқай  алу,  шешім  қабылдау  мен 

тұжырымдау, түзете алатындай етіп орындалуын бақылау құзыреттіліктерін қалыптастыруы 

және дамытулары керек (Hattie, 2012). Мұндай хабардарлық мұғалімдер өздерінің тәжірибесі 

туралы және оқушылардың үлгеріміне тигізетін ықпалы туралы ойланып, ой елегінен өткізген 

жағдайда  ғана  дамитын  болады.  Сол  себепті  тыңдаушылардың  осындай  ойлау  дағдысын 

арттырып,  оқу  бағдарламасында  көзделген  белсенді  оқу  тәсілдеріне  жаттығып  дағдылануы 

үшін, біліктілікті арттыру курсы аясында ықшамсабақ жаттығулары қарастырылған. Сабақтарда 

қамтылатын белсенді оқу тәсілдері тәжірибелік, эксперименттік, пікірталас, жоспарлау және 

бағамдау  жаттығуларын  жүргізіп,  топтық  жұмыс  және  ықшамсабақтар  ұйымдастыруды 

көздейді. Бұл тәсілдерде оқу бағдарламасындағы оқу мақсаттарына қол жеткізу үшін сыныпта 

қолдануға болатын тәжірибелік идеялар қамтылған.



| 42 |



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   78




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет