Сабақ мақсатын анықтаған соң, мұғалім осы мақсатқа қол жеткізу үшін сабақты қалай
жоспарлау керек екендігін шешеді. Сабақ мақсатына жету үшін мұғалім бірқатар белсенді
оқу тәсілдерін қолдана алады. Дәстүрлі дидактикалық оқыту әдістерінде жекелеген
оқушының тұлғалық дербестігіне, ұмтылысы мен уәждеріне, мүдделері мен дағдыларына,
оқу ерекшеліктеріне жеткілікті дәрежеде мән беріле бермейді. Оқыту мен оқудың заманауи
әдістері оқушылардың жеке ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескеру арқылы оқу үдерісін
ұйымдастыруға аса мән береді және бұл бағыттағы мұғалімнің табыстылығы оқушылардың
оқу үлгеріміне оң әсерін тигізеді. Мұғалімдер пән бойынша оқу бағдарламасының талаптарын
орындау үшін, сонымен қатар, оқушылардың танымдық қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін
Мысал ретінде алынған 7-сыныптағы «Денсаулық – зор байлық» бөлімі бойынша
- жұмыстың соңғы нәтижесін сынып алдында талқылай отырып, негізгі тірек сөздерді
| 44 |
- іріктелген тірек сөздерді екінші бір баламаларымен – синонимдерімен жазып шығады.
- оқушыларға баламалары табылған тірек сөздерді қатыстыра отырып, тарау тақырыбы
негізінде шағын, жинақы мәтін жазу тапсырылады.
Барынша тиімді оқуды жоспарлау үшін төмендегідей бірқатар мәселелерді ескерген жөн:
- Сабақта көптеген жаттығу түрлерін жоспарлауға тырысу қажет. Бір сабақта мұғалім
төрт, бес немесе одан да көп жаттығу түрлерін қамти алады. Аз уақыт алатын, айталық, 10
минуттық жаттығу дайындауға болады. Әдетте баланың назары бір нәрсенің төңірегінде ұзақ
шоғырланып тұра алмайтынын естен шығармау керек.
- Мұғалім сабақ барысында бір жұмыс түрінен екіншісіне біртіндеп ауысып, сабақтың
мақсатын оқушылардың есіне салып отыруды ұмытпауы керек. Жаттығуды әртүрлі тәсілмен
түсіндіруге дайын болу қажет. Мысалы, оқушылар бастапқыда жаттығуды бүкіл сынып
болып орындап, кейіннен жұптасып оның орындалуын шыңдай алады. Бұл оқушыларға жаңа
жаттығуға біртіндеп көше отырып, тапсырманы түсінуге көмектеседі, өткен сабақта алған
білімдерін бекітіп, оқушыларға іс жүзінде бірнеше дағдыны қатарынан шыңдауға мүмкіндік
береді.
- Сыныппен
өзара әрекеттестік стилін өзгертіп отыру қажет. Мұғалім сабақ барысында
өзінің қанша сөйлейтіні туралы ойлануы қажет. Егер мұғалім тым көп сөйлесе, оқушылардың
пікір таластырып, бір-бірінен үйренуіне уақыт аз қалады. Оқушыларға сұрақ қойып, жауаптары
бойынша сыныптың нені түсінгенін/ түсінбегенін бағдарлаған дұрыс. Сабақта жеке, жұптық,
топтық немесе бүкіл сыныпты қамтитын жұмыс түрлерін араластырып қолдану тиімді болады.
Сабақ жоспарында мұғалім:
- сабақ мақсатын анық, түсінікті түрде тұжырымдауы;
- сабақ жоспарының әртүрлі компоненттерінің тиісті бөлшектерін қамтуы (оқу
жоспарындағы сабақ жоспарының үлгісін қараңыз);
- логикалық жағынан реттелген және оқу мақсаттарына сай келетін жаттығулар мен
тапсырмалар туралы толық ақпарат ұсынуы;
- мақсатты білім мен дағдыларды қалыптастыруға арналған тиісті әдіс-тәсілдерді
анықтап, проблемаларды алдын ала көре білуге және анықталған дағдыларға қатысты шешім
ұсынуы;
- қажетті материалдар мен ресурстарды пайдалануды жоспарлауы тиіс.
Сабақты жоспарлау барысында мұғалімнің ескеруі тиіс бірқатар мәселелер:
- Сабағымның мақсаты қандай? Сабақтың әрбір бөлімі оқушыны мақсатқа жетуге
жетелей ме?
- Оқушылар іс жүзінде не істейді? Мен оқушыларға олар не істейтінін және олар
қандай нәтижеге қол жеткізу керектігін қалай түсіндіремін?
- Оқушылардың білімді игергенін қалай білемін?
- Егер мен өзім осы сабақта оқушы болсам, бұның бәрін қалай қабылдар едім? Оқушыға
көмек көрсетіле ме / жігерлендіріле ме? Қосымша материал ала ма?
- Жоспар қаншалықты икемді? Оқушының көп түсіндіруді қажет ететін қызықты
сұрағы, дыбыс-бейне құралдарды пайдаланудағы қиындықтар, әлдебіреудің сырттан
рұқсатсыз кіріп келуі сияқты күтпеген оқиғалар туындаса, оларды қалай шешемін?
- Оқушылар ұсынатын кері байланысқа қатысты, оны қалай жіктеп, жазып және
талқылаймын?
Төмендегі сұрақтар мұғалімге сабақтан кейінгі рефлексия жасауға мүмкіндік береді:
- Менің оқушыларым бүгін не үйренді? Бұған не әсер етті?
- Сабақта ештеңеге үйренбеген балалар болды ма? Мұның себебі қандай?
- Сабақта қолданған әдістерім сәтті болды ма? Сабақ бұдан да сәтті өтуі үшін басқа
қандай әдістер қолдануым керек еді?
- Сабақта ерекше бір жағдай байқалды ма? Бұл неліктен осылай болды?
- Сабақта оқушылардың жинақтаған білімі мен тәжірибелері, қызығушылық
танытатын салалары есепке алынды ма? Мұны қалай жақсартуға болатын еді?