Н. А. Маженова экономикалық теория


 Ақша-несие саясаты немесе мемлекеттің



Pdf көрінісі
бет104/117
Дата23.08.2020
өлшемі1,3 Mb.
#76623
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   117
Байланысты:
Эконом теория

 
14.4. Ақша-несие саясаты немесе мемлекеттің  
         монетарлық саясаты 
 
Нарықтық экономикада мемлекет кәсіпорындардың өміріне 
араласпайды,  тек  ақша,  салық,  бюджет,  несие  және  тағы 
басқалар  арқылы  нарыққа  макроэкономикалық  реттеулер 
жүргізеді.  Ақша  –  несие  саясаты  бұл,  мемлекеттің  ерекше 
қызметі.  Ақша  және  несие  экономиканың  дамуына  мүмкіндік 
туғызады, 
оның 
тиімділігін 
арттырады. 
Бірақ, 
белгілі 
жағдайларда  экономиканың  дамуына  кедергі  болуы  мүмкін. 
Әрбір  қоғамда  тауарлардың  саны  мен  ақша  санының  арасында 
сәйкестік сақталуы керек. Бұл талапты И.Фишердің (1867-1947) 
айырбас теңдеуі көрсетеді:  MхV=PхQ 
Ақша-несие  саясатының  негізінде,  экономикаға  ақшаның 
және  ақша-несие  саясаты  әсері  процесін  оқытатын  ақша 
теориясы жатыр.  
Ақша теориясына  екі әртүрлі тәсілдері бар: 
-  бірінші  жағынан,  бұл,  модернизацияланған  кейнсиан 
теориясы; 
-  екінші  жағынан,  қазіргі  ақшаның  сандық  теориясы 
(монетаризм). 


Н. А. Маженова 
 
164 
Қазіргі  кейнсиандықтар  және  монетаристер  мойындайтыны, 
ақшалы  ұсыныстық  өзгеруі  ЖҰӨ  номиналдық  көлеміне  әсер 
етеді,  бірақ,  сол  әсердің  мәнін  және  механизмін  әртүрлі 
бағалайды. 
Кейнсиандықтардың  көзқарасынан  негізінде  пайыздық  
ставканың  деңгейі  қойылуы  керек,  ал,  монетаристердің 
көзқарасында - ақша ұсынысының өзі болуы керек. 
Кейнсиандық теория бойынша,   негізгі ережелері: 
1.  Нарықтық  экономика  өзінің  көптеген  ішкі  ақауларымен 
/пороки/ тұрақсыз жүйені көрсетеді. Сондықтан, мемлекет ақша-
несиелік 
реттеудің 
әртүрлі 
инструменттерін 
тұрақты 
пайдаланып тұруы керек. 
2.  Ақша 
ұсыныс 
өзгерісі 
проценттік 
ставканың 
деңгейіндегі  өзгеріске  әкеледі,  ол  инвестициялық  сұраныстың 
өзгеруіне  және  мультипликациялық  тиімділік  арқылы  ЖҰӨ 
көлемінің өзгеруіне әкеледі. 
3.  Кейнсиандық негізгі теориялық теңдеуі, ол:  
 
ЖҰӨ=C+І+G+NX; 
 
4.  Кейнсиандықтар 
монетарлық 
саясатты 
мысалы, 
фискалды  немесе  бюджеттік  саясат  сияқты  экономиканы 
тұрақтандырудың тиімді құралы деп есептемейді. 
Монетарлық тәсіл. 
ХХ  ғасырдың  70  жылдарында  кейнсиандық  мектебінде 
дағдарыс байқалады. Басымдылық жағы неоклассикалық бағыт - 
оның ішінде қазіргі формасы - монетаризм болды.  
Қазіргі монетаризмнің бас теоретигі –  белгілі американдық 
экономисі, Нобель сыйлығының лауреаты Милтон Фридмен.  
Негізгі ережелері мынадай: 
1.  Нарықтық  жүйе  -  ішінен  тұрақты  жүйе.  Бар  теріс 
жағдайы  -  бұл,  мемлекеттің  экономикаға  компетентсіз 
араласуының нәтижесі, оны төмендету керек.  
2.  Айналымдағы  ақша  массасының  және  ЖҰӨ  номиналды 
көлемінің  арасында,  ал  инвестиция  және  ЖҰӨ  арасындағы 
қарағанда өте тығызды тәуелділік балқалады 
ЖҰӨ  динамикасы  ақша  динамикасының  артынан  тікелей 
жалғасады. 
Монетаристердің 
санауынша
айналымдағы 


Экономикалық теория 
 
165 
ақшаның  саны  және  ұлттық  экономика  шеңберінде  сатылған 
тауарлардың жалпы көлемінің арасында белгілі өзара байланыс 
болады.  
Бұл  байланыс  И.Фишердің  айырбас  теңдеуімен  көрінеді, 
немесе, ол, ақшаның сандық теориясының теңдеуі: M • V=P • Q.                                                        
Бұнда  бағаның  деңгейі  ақшалы  ұсыныстың  өзгеруінен 
белгілі тәуелділікте болады.  
Ақша ұсынысы және ЖҰӨ номиналдық көлемі арасындағы 
байланыс проценттік ставка арқылы емес тікелей жүргізіледі. 
Осыған  сүйене  М.  Фридмен  балансталынған  ұзақ  мерзімді 
монетарлық  саясат  «ақша  ережесін»  ұсынды,  яғни,  мемлекет 
айналымдағы  ақша  массасының  негізделген  тұрақты  өсімін 
қолдауы керек. 
М.  Фридменнің  монетарлық  ережесі,  жылда  3-5% 
шегіндегі  -  айналымдағы  ақша  массасының  көбеюін  қатаң 
бақылауын ұсынады. 
Сондай-ақ 
өсім 
экономикадағы 
іскерлік 
белсенділікті 
шақырады. 
Жылына 
3-5% 
жоғары 
ақшалы 
ұсыныстың 
бақыланбаған 
артықшылығы 
жағдайында 
инфляцияның 
тарқатылуы  болып  келеді,  ал,  егер  жылдың  3-5%  төмен  болса, 
онда ЖҰӨ өсу қарқыны құлап кетеді. 
Қорытындысын  атап  өтсек,  қазіргі  ақша-несие  саясатының 
теоретикалық моделі әрбір теориядан рационалды жағдайларын 
есептеген  кейнсианство  және  монетаризмнің  бірліктілігі  болып 
табылады.  Ұзақ  мерзімді  кезеңдерде  монетарлық  тәсілдер 
артығырақ болады. Қысқа мерзімді кезеңдерде мемлекет тезірек 
экономикалық  маневр  жасау  мақсатында  пайыздық  ставканы 
қолданудан бас тартпайды.  
Ақша айналымын реттейтін инструменттері. Ақшасыз және 
несиесіз  нарықты  экономика  болмайды.  Ақша-несие  саясаты 
бұл ерекше катынас және мемлекеттің ерекше қызметін құрады. 
Әрбір  қоғамда,  тауардың  саны  және  ақша  санының  арасында 
сәйкестік  сақталынуы  керек.  Егер,  бұл  сәйкестік  бұзылса 
инфляция  пайда  болады.  Әлемдік  практикада  ақшаға  және 
несиеге мемлекеттің жасайтын әдісінің инструменттері: 
  ашық нарықтағы операциялар: 


Н. А. Маженова 
 
166 
Егер үкімет, мемлекетте инфляция өсіп келеді деп болжаса, 
онда  үкімет  ұлттық  банкке  мемлекеттік  құнды  қағазды  сатуға 
жарлық  береді.  Бірақ,  оларды  сатып  алуға  коммерциялық 
банктер мен халықтың ықыласы жоқ. 
Бұнда,  банк,  оларды  қызықтырады,  яғни  құнды  қағаздар 
тартымды болу керек. 
 Мемлекет  құнды  қағаздың  ұсынысын  жоғарылатады. 
Сондықтан, оның бағасы төмендейді, ал табыстылығы өседі. 
Облигацияны  сатып  ала  отырып,  халық  мемлекеттің 
қолына нақты ақша береді. Айналымнан ақша алынып инфляция 
төмендейді. 
 Керісінше,  мемлекет  халықтан  құнды  қағазды  сатып 
алады, сол кезде айналымға керекті нақты ақша шығарылады. 
Құнды  қағазға  сұраныс  өседі,  оның  бағасы  жоғарылайды, 
ал %-ті төмендейді.  
Сонымен, 
айналымда  ақша 
көбейеді, 
елде 
жұмыс 
белсенділігі өседі. 
  Сақтық /резервтік/ нормадағы  өзгерістер: 
Сақтық  (резервтік)  норма  деп  ұлттық  банктегі  банкі 
депозитінің бөлігі. Ол, коммерциялық банктердің өз операцияларын 
жүргізуге  пайдалануға құқы жоқ ақша қаржыларының қоры.  
Ол  ұлттық  банкпен  қойылып,  жыл  бойы  бірнеше  рет 
ауысып тұрады.  
Сақтық нормасын ауыстыра отырып мемлекет неге жетеді. 
Сақтық  нормасы  жоғарыласа  коммерциялық  банктердің 
экономикаға  несие  беру  мүмкіндігі  қысқарады,  несие  %  өседі, 
экономикалық өсуде бәсеңдеу болады, және керісінше. 
  Есептеу ставкасының өзгеруі: 
Есептеу  ставкасы  –  бұл  ұлттық  банктің  коммерциялық 
банктерге несиеге қоятын %.  
Ұлттық  банктің  есептеу  ставкасының  мөлшерін  қоюға 
әкімшілік құқы бар. 
Ұлттық  банктің  есептеу  ставкасының  өзгеруі,  ақшаның 
“қымбат” және “арзан” саясаты деп аталады. 
“Қымбат  ақша”  саясатын  жүргізсе,  несие    алу  ынтасы 
төмендейді  және  осыдан  ақшаға  ұсынысы  азаяды.  Өндіріс 
төмендейді,  жұмыссыздық  өседі,  инфляция  төмендейді.  “Арзан 


Экономикалық теория 
 
167 
ақша”  саясаты  (есептеу  ставкасы  азаяды)  өндірістің  құлдырауын 
баяулату  үшін,  кәсіпорындарды  қолдау  қажеттілігі  жағдайында 
жүргізіледі. Экономикаға ақша көп жіберіледі, ол инфляцияның 
өсуіне  әкеледі.  “Арзан”  ақша  саясатын  тағы  да  инфляциялық 
несиелендіру  саясаты  деп  атайды.  Сонымен,  есептеу  ставкасын 
жоғарылату, инфляциямен күрестің күшті құралының бірі, бірақ 
ол,  өндірістің  қысқаруына,  жұмыссыздықтың  өсуіне,  және 
әлеуметтік  шиеленіске  соқтырады.  Есептеу  ставкасының 
төмендеуі 
инфляцияның 
өсуіне 
әкеледі. 
Әрбір 
нақты 
жағдайларда  үкімет  нені  құрбан  жасауын  шешеді.  Тәртіпте, 
құрбан болатындар өндіріс және жұмысбастылық. Қымбат ақша 
саясаты жиі жүргізіледі. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   117




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет