Н. А. Маженова
176
Қазақстанда ҚР Салық кодексімен бекітілген келесідей
салықтар бар:
- Корпоративті табыс салығы;
- Жеке табыс салығы;
- Қосылған құн салығы;
- Акциздер;
- Жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары мен
арнайы төлемдері;
- Әлеуметтік салық;
- Жер салығы;
- Көлік құралдарына салынатын салық;
- Мүлік салығы.
Салықтардан басқа, бюджетке алымдар да келіп түседі:
сауда құқығы, автокөлікті қою құқығы үшін, курорттық алымдар.
Салықтандырудың өзінің шегі болады. Салық ставкалары
белгілі бір биіктікке дейін өседі, ал одан кейін төмендейді:
адамдардың экономикалық белсенділігі төмендейді;
адамдар салық төлеуден бас тартады;
көлеңкелі экономика өседі.
Ставкалар және салықтың түсірілу арасындағы өзара
байланысты Лаффер қисығы көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: