6) Капитал формуласы болып табылады:
A) Т – А – Т
B) А – Т – А
C) А - А
D) Т - Т
E) А – Т
7) Негізгі капитал ол:
A) ғимарат;
B) шикізат;
C) еңбек ақы;
D) бағалы қағаздар;
E) дайын өнім.
8) Капиталдың қозғалысы неден басталады:
A) ақша формасынан;
B) тауар формасынан;
Н. А. Маженова
90
C) өндірістік формадан;
D) сауда формасынан;
E) коммерциялық формадан.
Тест сұрақтарының дұрыс жауаптары: 1А , 2В , 3А , 4D ,
5В , 6В , 7А , 8А .
Экономикалық теория
91
8. КӘСІПОРЫННЫҢ (ФИРМАНЫҢ)
ШЫҒЫНДАРЫ МЕН ТАБЫСЫ
8.1. Өндіріс шығындары және оны жіктеу
Әрбір өндіруші пайдасын көбейтуге ұмтылады. Шығындар
– ол, ұсыныс көлемі және пайданың көбеюіне әсер ететін бас
фактор. Әрбір тауардың өндірісі белгілі шығындарды қажет
етеді – шикізат, материалдар, жанар май, эл.энергия, көлік,
еңбек және басқа шығындар. Сол барлық ресурстарға төлем
өндіріс шығындары дейміз. Шығындар көптеген белгілер
бойынша жіктеледі. Бұл шығындар нақты ақша шығыны бола
ма, жоқ па шығындар нақты және нақты емес боп бөлінеді.
Нақты /сыртқы/ шығындар – бұл сырттан алынған
ресурстар. Мысалы: бұл еңбекке, шикізатқа, материалдарға,
көлікке, құқық қызметіне төлем. Осы шығындар бухгалтерияда
есептелінеді және бұл шығындарды тағы да бухгалтерлік
шығындар деп атайды.
Кейбір ресурстар үшін ақша төлеу қажет емес. Мысалы,
өзіңіздің жайыңыз бар және оны асхана үшін пайдаланасыз.
Жалға ешкімге ақы төлеу керек емес. Сіздің өз ақша
капиталыңыз бар. Оған өз бизнесіңізді ұйымдастырасыз. Сізге
банктен ақша алудың керегі жоқ. Бұл нақты емес шығын.
Нақты емес шығындар /ішкі/ – бұл, фирманың өз меншігіндегі
ресурстарды
пайдалануға
байланысты
шығындар.
Бұл
шығындар бухгалтериядан төленбейді және бухгалтерлік есеп
беруде көрсетілмейді.
Бұл
шығындардың
мөлшері,
оларды
альтернативті
пайдаланғанда табыстардың көлемімен әкелу мүмкіндігі бар.
Мысалы, асхана үйі рента түрінде табыс әкелер еді, кәсіпкердің
ақшасы пайыздар, ал өз қызметіндегі рөлін менеджер басқа
фирмаға ұсынар еді. Мұндағы жіберіліп қойған олжа
(пайыздар, рента, менеджердің жалақысы) нақты емес
шығындарды көрсетеді.
Нақты
және
нақты
емес
өндіріс
шығындарының
қосындысы экономистер экономикалық (жалпы) шығындар
деп атайды.
Н. А. Маженова
92
Қажетті төменгі табысты экономистер нормалды, қалыпты
пайда деп атайды. Оның мөлшері сол өндірістің нақты емес
шығындарымен
анықталады.
Нормалды,
қалыпты
пайда
кәсіпкерге өзінің альтернативті пайдаланған меншікті
ресурстарынан жіберілген олжасын жабуы қажет. Нормалды
пайданың үстінен алынған табысты экономикалық немесе таза
пайда деп атайды.
Тұрақты, өзгермелі, жалпы, орта, шекті шығындарды
өндірілетін өнімдер көлеміне тәуелді шығындарды анықтау
үшін қажет. Тұрақты шығындар өндіріс көлемінен тәуелді емес
шығын. Бұған жер үшін жалдық төлем, үйлерге төлем,
амортизация, әкімшілік басқару қызметкерлерінің жалақысы т.б.
Өзгермелі шығындар өндірілген өнімдердің санынан
тәуелді шығын. Бұларға шикізат, материалдар, отын, жанар май,
электрэнергия, жұмысшыларға жалақы шығындары жатады.
Тұрақты және өзгермелі шығындардың қосындысы жалпы
шығындарды құрайды. Тұрақты, өзгермелі және жалпы
шығындардың
құрылымын
білу
өндірістік
шығындарды
төмендету жолдарын анықтау мүмкіндігін береді.
1.12-сурет. Тұрақты, өзгермелі және жалпы шығындардың қисығы
Өндірісті басқару үшін өндірілетін өнімнің бірлігіне
келетін
шығындардың
мөлшерін
білу
қажет.
Осыған
байланысты, шығындардың мөлшерін фирма өндіретін өнім
бірлігі санына бөлу арқылы орта шығындарды есептейді
Экономикалық теория
93
ATC =
TC
Q
Орта өзгермелі (AVC) және орта тұрақты (AFC)
шығындарды да осы түрде есептейді. Нарықтық тепе-теңдікті
түсіну үшін орта шығындардың ерекше мағынасы бар, себебі
кәсіпкер шығындарды азайтуға ұмтылады.
Өндіріс көлемін анықтау үшін шектелген шығындар
категориясын пайдалану қажет.
Шектелген шығындар – бұл, бар көлем үстінен өнімнің
тағы бір бірлігін шығаратын өндіріске байланысты қосымша
шығындар. Бұл шығын, өнім бірлігін шығаруды көбейту
кезінде жалпы шығындарды көбейтеді. Мысалы: шығару 5-тен
6-ға дейінгі бірлікке артады, ал жалпы шығындар 2400-ден
3000 бірлікке өсті. Шектелген шығындар 600 құрады.
Трансакциондық шығындар түсінігін американ экономисі
Р. Коуз енгізді. Трансакциондық шығындардың негізгі типтері
бар: 1) мәлімет іздеу шығындары – ол уақыт пен ресурстар
кететін шығыны, баға туралы мәліметтер жинау: 2) келіссөздерге
жұмсалған шығындар – айырбас жағдайын белгілеу, келісім
дайындау; 3) қатеден пайда болатын шығындар; 4) стандарт
жүйесін істеу, фирмалық белгілерді күзетуге кеткен шығындар
және оның меншік құқығын қорғау.
Қорыта айтқанда, трансакциондық шығындарды тиімді
пайдалану нарықтың қызметі болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |