Экономикалық теория
85
келеді. Айналымның жылдамдатуының нақты жолдарын
айқындау үшін капитал айналымының уақыт құрылымын білу
қажет. Капитал айналымының уақыты – авансталған барлық
құнының өндіріс аясы мен айналыс аясын өтуге кеткен уақыт.
Қор айналымының уақытын қысқарту жолдары өндіріс
техникасы мен технологиясын жетілдіруден, ресурстарды
үнемдеуден, жұмыс уақытын жоғалтуын жоюдан, ауысымдылық
коэффициентін арттыру, шикізатты жеткізу ырғақтылығын
қамтамасыз ету және өндірістік қорларды минималдаудан,
жабдықтау жүйесін жақсартудан, өткізуден және т.б. тұрады.
Өндіріс уақыты - бұл өндірістік өрісте капиталдың болу
кезеңі.
Капитал айналымының ұзақтылығы айналыс уақытының
азаю есебінен қысқарады. Ол тауарларды сатып алу уақытынан
(Д – Т) және дайын өнімді өткерілу уақытынан (Д' – Т')
құрылады. Капитал айналымының жалпы уақыты өндірістік
капиталдың құрамын жақсартуға байланысты азаяды.
Капиталдың әртүрлі бөліктері бизнес жасайтын адамға бір
уақытта қайтып келмейді.
Достарыңызбен бөлісу: