Үздіксіз қайталанатын үдеріс ретінде қарастырылатын
өнеркәсіпті капитал айналымы оның айналымын құрайды.
Айналыс уақыты капитал өндіріс сатысынан және
айналыстан өтіп, бастапқы нысанға қайтып келетін кезең
ретінде айқындалады.
Капитал айналысының жылдамдығы жыл бойында
жасалынған оның айналым санымен өлшенеді.
Капитал айналымының саны келесідей формуламен
анықталынады:
O
n =
-----
t
мұндағы n – бір жылдағы айналым саны;
O – қабылданған уақыт бірлігі;
t – бұл капитал айналымының уақыты.
Өндіріс аясында капиталды қарастырған кезде оның
әртүрлі элементтерінің айналымы әркелкі болады. Кейбір
элементтер
(ғимараттар,
машиналар
және
т.б.)
өндіріс
үдерісінде қалады; олардың тұтынушылық құны өндіріс
үдерісінде толығымен қатысады, ал құн жұмысшының нақты
еңбегімен тозуға сәйкес дайын өнімге бөліктермен ауысады.
Өндіріс құралдарының ауысқан құны тауарларды сатқаннан
кейін ақшалай нысанда өтеледі.
Өндірістік капиталдың негізгі және айналым капитал
бөліктері болып табылады.
Негізгі капитал - өндірістік капиталдың бөлігі, яғни ұзақ
мерзім бойында өндіріске қатысады, түрін бұзбайды, тек қана
пайдаланғаннан кейін тозады. Өз құнын тозуына қарай
біртіндеп дайын өнімге ауыстырады. Бұған еңбек құралдары,
ғимараттар, машиналар, құрал-жабдықтар жатады.
Негізгі капиталдың құрылымында өндірісте тікелей
қатысатын белсенді қорларын ерекшелейді, бұл станок, машина
және басқа жабдықтар. Өндіріс үшін жағдай жасайтын бәсең қорлар, бұл өндірістік ғимараттар, салымдар және өзге объектілер.
Экономикалық теория 83
Айналым капитал – өндірістік капиталдың екінші бөлігі,
өндіріс процесінде тек бір өндірістік циклде пайдаланады,
түрін өзгертеді және өз құнын толығымен өндірілген өнімге
ауыстырады. Ол ақшалай формаға бір айналыс шеңберінде
қайтып келеді. Бұл еңбек заттары мен тез тозатын аспаптар.
Құнның өнімге ауысқандағы әркелкілігі өндіріс үдерісіндегі
капиталдың материалдық құрама бөліктерінің әртүрлі рөлдерінен
туындайды. Сондықтан негізгі және айналмалы капиталға бөлу
тек өндірістік капиталға ғана тән.
Негізгі капитал құнының өзінің тұтынушылық құнын
жоғалту мөлшері бойынша қайта дайындалатын тауарға ауысуы
негізгі капиталдың тозуы деп аталады.
Негізгі капиталдың тозуы физикалық (қолдануына қарай)
және моральдық (ҒТП нәтижесіне байланысты) болып бөлінеді.
Негізгі капиталдың физикалық тозуының мәні оның
элементтері құнының қайта дайындалатын тауарға ауысуында,
оның иесіне тауарды іске асыру мөлшері бойынша қайтаруда
және амортизациялық қорға жинақталуында. Негізгі капиталдың
моральдық тозуы оның физикалық тозу деңгейіне тәуелсіз
капиталдың
құнсыздану
нәтижесінде
болады.
Ғылыми-
техникалық прогресс әсерінен негізгі капиталдың қызмет ету
мерзімі бірінші кезекте, физикалық емес, моральдық тозумен
айқындалады.
Негізгі капитал амортизация есебінен қайта құрылады. ҒТП
жағдайларына байланысты дамыған елдерде жылдамдатылған
амортизация саясаты жүргізіледі, яғни амортизация мерзімі 3-5
жыл ішінде белгіленеді.
Негізгі қорды тиімді пайдаланудың негізгі үш көрсеткішін
көрсетуге болады.
Қор құнының бірлігіне келетін өнім шығарылымын
көрсететін қор қайтарымдылығы. 2. Қор сыйымдылығы –
өндірілетін өнім бірлігіне келетін негізгі қор құнын көрсететін
қор қайтарымдылығына кері көрсеткіш. 3. Жабдық жұмысының
ауысым коэффициенті.
Ол
кәсіпорында
орнатылған
жабдықтардың әрқайсысы белгілі бір кезеңде орта шамамен
тәулігіне неше ауысым жұмыс жасағанын көрсетеді. Мәселен,
егер цехтағы 200 станоктың 180 1-ауысымда жұмыс жасаса,
Н. А. Маженова 84
2-ауысымда – 100, ал 3-ауысымда – 40, онда, ауысымдылық
коэффициент (180+100+40):200=1,6 тең болады, яғни әрбір
станок үш ауысымды режімде 1,6 ауысым жұмыс жасады.