Н. А. Маженова экономикалық теория


 Шектелген  табысты шектелген  шығынмен



Pdf көрінісі
бет49/117
Дата23.08.2020
өлшемі1,3 Mb.
#76623
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   117
Байланысты:
Эконом теория

6.4. Шектелген  табысты шектелген  шығынмен  
       теңестіру принципі 
 
Әрбір фирманың мақсаты көбірек табыс алу болады немесе 
пайданың  максимизациясы  дейді.  Пайданы  максимизациялау 
үшін  фирма  өндіріс  деңгейін  анықтауы  керек.  Алдымен 
пайданың  қалай  анықталатынын  ойға  түсірейік.  Пайда  жалпы 
түсіммен 
жалпы 
шығындардың 
арасындағы 
айырманы 
көрсетеді. Пайда  =  жалпы түсім – жалпы шығындар.  Пайданы 
максимизациялау 
ететін 
өндіріс 
деңгейін 
фирма 
қалай 
есептейді?  Бұл  әдіс  маргинальный  (шектелген  талдау)  деп 
аталады.  Мәнінің  қорытындысы,  жаңа  өнімнің  әрқайсысы 
қосымша  пайда  әкелгенінше  сол  кезге  дейін  өнім  өндіруді  
жалғай  беру  керек.  Өндірістегі  өнімнің  қосымша  бірлігінен 
түсетін табысты шектелген табыс (МR) деп атаймыз. Шектелген 
пайда (МР) шектелген табыс (МR) және шектелген шығындардың 
(МС) айырмасы ретінде есептелінеді МР = МR – МС. 
 
Шектелген пайда   =  Шектелген табыс  –  Шектелген шығын 


Н. А. Маженова 
 
78 
Өндіріс  көлемінің  өскен  сайын  шекті  табыс  мөлшері 
азаяды.  Себебі,  фирмалар  өздерінің  өнімдерін  барынша  іске 
асыру  үшін  бағаны  төмендетуі  тиіс.  Шекті  шығындар 
бастапқыда 
азаяды, 
кейін 
ұлғаяды. 
Мұнда 
фирманың 
максималды  тиімділік  нүктесі  өнімді  өндірудің  максималды 
және  минималды  деңгейі  арасында  болады.  Белгілі  бір  сәтке 
дейін  әрбір  қосымша  өнімге  өндіріс  шығындары  төмендейді, 
кейін артады.  
Фирманың 
максималды 
тиімділігінің 
нүктесі 
өнім 
өндірісінің  максималды  және  минималды  деңгейінің  арасында 
болады.  Максималды  тиімділікке  жеткеннен  кейін,  шектелген 
шығын өсе бастайды. Мұнда азаю табыстылық деген заң әрекет 
етеді. Пайда максималды болсын деу үшін фирма қалай өндіріс 
деңгейін  анықтайды.  Егер  өндірістегі  өнімнің  қосымша  бірлігін 
шығынға  қарағанда  жалпы  табыстың  көбеюін  үлкен  деңгейге 
әкелетін  болса,  онда  фирма  өндіріс  арттыруы  қажет.  Егер 
керісінше,  шығынға  қарағанда  табыстың  көбеюі  азырақ 
деңгейде болса,  онда фирма өндірісін арттырмауы қажет. 
Сонымен,  фирма  мына  ережені  басшылыққа  алады: 
шектелген табыс =  шектелген шығындарға (МR  =  МС). 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   117




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет