Н. А. Маженова экономикалық теория



Pdf көрінісі
бет51/117
Дата23.08.2020
өлшемі1,3 Mb.
#76623
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   117
Байланысты:
Эконом теория

2) Изокванта көрсетеді: 
A) жалпы өнім көлемінің қисығын; 
B) өндірістік функцияны; 
C)  берілген  ресурстар  санымен  өндіруге  болатын  әр  түрлі 
өнім көлемін; 
D) орташа өнімнің қисығын; 
E) шекті өнімнің қисығын. 
 
3)  Изокванта немесе изокоста орналасқан кез келген нүкте: 
A) өндірілген өнім санын көрсетеді; 
B) ақшалай қөріністегі өнім көлемін білдіреді; 
C) 
ресурстардың 
нақты 
көлемінің 
комбинациясын 
қөрсетеді; 
D) шығындар сомасын; 
E) өзгермелі шығындардың сомасын.  
 
Тест сұрақтарының   дұрыс жауаптары:  1В, 2В, 3А.  
 
 
 
          


Н. А. Маженова 
 
80 
7. КАПИТАЛДЫҢ АЙНАЛЫМЫ ЖӘНЕ  
АУЫСПАЛЫ АЙНАЛЫМЫ 
 
7.1. Капиталдың ауыспалы айналымы  
 
Капиталдың қалыпты жағдайы –  ұдайы өндірістің үздіксіз 
қозғалысы.  Ұдайы    өндіріс  дегеніміз  –  бұл  жаңа  құнды  өндіру 
процесінің  үздіксіз  қайталануы.  Ұдайы    өндіріс  капиталы  екі 
түрге бөлінеді: жай және ұлғаймалы ұдайы өндіріс.   
Жай ұдайы өндіріс –   өндіріс масштабы  өзгеріссіз қалады. 
Пайда  кәсіпкердің  тұтынушылық  мұқтаждығына  толығымен 
жұмсалады. Ұлғаймалы ұдайы өндірісте сан және сапа жағынан 
өндіріс масштабы  ұлғаймалы түрінде болады. Мұнда пайданың 
бір бөлігі қайтадан өндіріс процесіне жұмсалады. 
Өндіріске салынатын кез келген капитал өзінің қозғалысын 
ақша нысанында бастайды. Ақша капиталы кәсіпкермен өндіріс 
құралдарын,  тауарды  және  жұмыс  күшін    сатып  алуға 
алғытөлемін төлейді,  оларды қолдана отыра өндіріс үдерісі мен 
дайын  өнімді  дайындау  үдерісі  басталады.  Осы  тауарды 
кәсіпкер  іске  асыра  отырып,  оның  құнын  ақшалай  нысанда 
алады. Мұнда ақша капиталға айналады.  
Капиталдың    ауыспалы  айналымы  –  бұл  өндіріс  құрал-
жабдықтарының    бір  циклі  ол,  өндіріс  өрісі  мен  айналыс 
өрісімен өту арқылы өзінің бастапқы құнын көбейтуі. 
Капиталды ауыспалы айналымы тұрғысынан қарап көрейік.  
Белгілі  бір    жағдайда  ғана,  ақша  жаңа  құнды  тудыратын 
капитал болып табылады. Капитал – бұл құн, қосымша әкелетін  
құн.  Олар  өндіріс  құралдары  және  еңбек  күшін  сатып  алуға 
жұмсалады.  Сондықтан,  капитал  формуласы  өндірістік  бизнес 
үшін келесідей түрде болады. Ол үш өрістен тұрады: 
 
                                              өқж 
А  ─  Т < жк  … Ө …  Т'  ─   А' 
1                    2             3 
 
Мұндағы,  А - ақша; 
Т - тауар; 
өқж - өндіріс құрал-жабдықтары;  


Экономикалық теория 
 
81 
жк  – жұмысшы күші; 
Ө - өндіріс процесі; 
Т' - өсірілген құн мен  тауарлар; 
А' - өсірілген құн мен ақша. 
Ақша  капиталы  бірінші  өрісте  өндірістік  формаға 
айналады. Ақшаға өндіріс құрал-жабдықтар мен жұмысшы күші 
сатып алынады. Бұл айналыс аясында орын алатын айналымның 
бірінші  сатысы.  Жұмыс  күшін  сатып  ала  отыра,  кәсіпкер  оның 
өзінің 
құнынан 
артық 
үлкен 
құнды 
жасау 
қабілетін 
пайдаланады.  Д-Р
С
  әрекеті  өндірістік  қатынастардың  басты 
ерекшелігін,  өндіріс  құралдарына  жекеменшіктің  үстемдігін 
көрсетеді,  бұл  жұмыс  беруші  мен  жалдамалы  жұмысшы 
арасындағы  қатынас.  Айналыс  аясынан  капитал  өзінің 
айналымын екінші саты - өндіріс аясында жалғастырады. 
Екінші өрісте өндірістік капитал оның тауарлық формасына 
айналады.  Өндіріс  үдерісінде  қажетті  тауарлар  өспелі  құнымен 
дайындалады.  
Үшінші  өрісте    тауарлық  капитал  пайдасы  бар  ақша 
капиталына айналады.  
Егер  өткізілген  барлық  өнімдерден  түскен  ақшадан 
алғашқы  аванс  ретіндегі    ақшаларды  алып  тастағанда  кәсіпкер 
жалпы пайданы табады. 
Әрбір  сатыда  капитал  белгілі  бір  функционалдық  нысанды 
қабылдайды.  Бірінші  сатыда  ол  ақша  ретінде,  ал  екіншіде  - 
өндірістік және үшіншіде – тауарлық капитал ретінде болады. Бұл 
нысандар  капиталдың  дербес  түрлері  болып  табылмайды,  өз 
алдына  кезекті  функционалдық  нысанды  білдіреді.  Қозғалыс 
үзіліссіз болуы үшін капиталдың белгілі бір бөлігі бір уақытта үш 
нысанның әрқайсысында  болуы керек және үш сатыны өтуі тиіс.  
Бір  уақытта  үш  функционалдық  нысанда  болатын  және 
өзінің  айналымында  үш  сатыны  кезекті  өтетін  капитал 
өнеркәсіптік деген атауға ие болды.  
Капиталдың  үш  функционалдық  нысанының  әрқайсысы 
белгілі  бір  ерекшеліктерімен  ерекшеленетін  өзінің  айналымын 
жүзеге  асырады,  бірақ  айналымның  барлық  үш  нысанының 
біртұтастығы  өндіріс  және  айналыс  үдерісінде  капитал 
қозғалысының үздіксіздігін қамтамасыз етеді.  


Н. А. Маженова 
 
82 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   117




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет