Н. А. Маженова экономикалық теория


 Макроэкономикалық көрсеткіштер және есептеу әдісі



Pdf көрінісі
бет72/117
Дата23.08.2020
өлшемі1,3 Mb.
#76623
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   117
Байланысты:
Эконом теория

10.2. Макроэкономикалық көрсеткіштер және есептеу әдісі 
 
Ұлттық  есеп  жүйесінің  көрсеткіштері:  жалпы  ұлттық  өнім, 
жалпы  ішкі  өнім,  таза  ұлттық  өнім,  ұлттық  табыс.  Негізгі 
көрсеткіш  жалпы  ұлттық  өнім  (ЖҰӨ)  болып  табылады.  Оның 
көлемін  бір  жыл  ішіндегі  ұлттық  өндірушілермен  мемлекет 
ішінде және шет елде  өндірілген дайын тауар мен қызметтердің 
нарықтық құнының қосындысымен белгіленеді. 


Экономикалық теория 
 
113 
Ұлттық есеп жүйесінің (ҰЕЖ) 2-ші көрсеткіші жалпы ішкі 
өнім  (ЖІӨ)  болып  табылады.  Жалпы  ішкі  өнім  (ЖІӨ)  –  бұл, 
мемлекеттің  ішінде  ұлттық  және  шетелдік  өндірушілермен  
өндірілген  барлық  дайын  өнімдердің    жылдық  құны.  ЖІӨ-нің 
ЖҰӨ-нен  жоғары  болуы  экономика  дамуындағы  шетелдер 
меншігінің белгілі рөлі барын көрсетеді. 
ЖҰӨ  -  барлығын  қамтитын  көрсеткіш  ретінде  баланс 
түрінде  көрінеді.  Баланстың  бір  жағында  тұтынуға  арналған 
өндірісі  көрсетілген.  Жалпы  ұлттық  өнімнің  көлемі  және 
импорттан  алынған  тауарлар  жиынтық  ұсынысты  құрайды. 
Баланстың  екінші  жағында  қоғамдық  жиынтық  ресурстардың 
пайдаланатын  бағыттары  көрсетіледі  ол,  жиынтық  сұранысты 
құрайды. 
Сонымен,  ЖҰӨ  балансын  мына  формуламен  көрсетуге 
болады: 
 
ЖҰӨ + Импорт = Тұтыну (өзіндік, мемлекеттік) + Инвестиция + 
Экспорт 
Осыдан, ЖҰӨ = Тұтыну + Инвестиция + Экспорт – Импорт. 
 
ЖҰӨ  есептеудің  үш  әдістері  бар.  ЖҰӨ  –    шығыны 
бойынша  есептеу,  ол  барлық  шығындарды  қосуды  шамалайды: 
тұтынуға, инвестицияға, мемлекет шығыны  және таза экспорт: 
-  тұтыну (C)  шығындары, бұл тоңазытқышты жөндеу, аяқ 
киім, қант, нанға, үй шаруашылығына шығындары; 
-  инвестиция  (І)  шығындары,  бұл  құрал-жабдықтар, 
станоктар, өндіріс үйлері, тұрғын үй құрылысы шығындары. 
-  мемлекеттік (G)  шығындар – бұл тауар мен қызметтерге  
өндіруге кететін мемлекет тапсырысына байланысты шығындар 
(электрэнергия, аурухана, кітапхана, т.б.). Бұған  зейнетақы мен 
жұмыссыздыққа байланысты жәрдемақы жатпайды. 
-  таза  экспорт  (NX)  –  бұл  бар  экспорттан  импортты 
шығарып тастағандағы бөлігі NX = EX – ІM. 
Сонымен,  ЖҰӨ  (GNP)  –  шығыны  бойынша  есептеу,  бұл 
барлық шығын түрлерінің қосындысы: GNP = C + І + G +NX. 
ЖҰӨ –  табыспен  де есептеуге  болады. 
Табыстың 4 компоненті, ұлттық табысты құрайды. 
1) Жалақы – жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбекақысы. 


Н. А. Маженова 
 
114 
2) Рента – тұрғын үй, ғимарат, жерді пайдалану табысы. 
3) Пайыз - капиталынан  алынатын табыс. 
4) Пайда – фирмалар,  корпорациялардан түсетін табыс. 
Бұл  табыстар  адамдар  бір  жыл  жұмыс  істеп,  ЖҰӨ  өндіріп 
тапқан  табыстар.  Мұнда  басқа  табыс  түрі  кірмейді.  Мемлекет 
қайтарып  беретін  табыстарды  трансферттік  төлемдер  деп 
атайды.  Оған  жататындар:  зейнетақы,  балалардың  жәрдемақысы, 
мүгедектерге төлем, жұмыссыздыққа байланысты төлемдер. 
ЖҰӨ  табыс  бойынша  есептегенде  ұлттық  табысқа  жанама 
салық  және  амортизацияны  қосу  керек.  ЖҰӨ  –  екі  әдіспен 
есептелінеді,  сонымен  бірдей  нәтиже  береді,  яғни  қызмет  пен 
тауарларды  алуға  жұмсалатын  қаржылар  олар  өндірушілердің 
табысы болып саналады. 
ЖҰӨ  есептеудің  үшінші  әдісі  –  өндіріс  бойынша.  Мұнда 
ЖҰӨ  мемлекеттің  барлық  кәсіпорында  өнімдердің  қосылған 
құндарын  жинақтаумен  анықтайды.  Тауар  мен  қызметтердің  
қайталап    есептеу  болмас  үшін  ЖҰӨ-ң  жалпы  құнымен  емес,  
тек қосымша құны бойынша есептейді.  
Қосымша  құн  –  кәсіпорынның  өндіріс  процесінде 
жасалынған  өнімнің    нақты  кірісін  көрсететін    құн.  Бұл 
жағдайда  ЖҰӨ  өз  алдына  экономиканың  әртүрлі  салаларында 
өнім  өндіретін  барлық  фирмалардың  қосылған  құн  сомасын 
білдіреді.  Бұл  көрсеткіш  ЖҰӨ  құруда  әртүрлі  салалардың 
үлесін ескеруге мүмкіндік береді.  
Еселі  (қайталанған)  есеп – бірнеше рет есептелінетін өнім 
бөлігінің құны. 
Макроэкономикалық көрсеткіштерге тағы  жататындар таза 
ұлттық  өнім  (ТҰӨ),  ұлттық  табыс  (ҰТ),  өзіндік  табыс,  тиісті 
табыс. 
Таза ұлттық өнім (ТҰӨ) – ұлттық экономика салаларының 
таза  шаруашылық  қызмет  нәтижесін  сипаттайтын  көрсеткіш. 
Жалпы ұлттық өнімнен амортизациялық төлемдерді алып тастау 
арқылы  немесе  ұлттық  табыс  пен    жанама    салықтардың 
қосындысы ретінде анықтауға болады. 
Ұлттық  табыс  (ҰТ)  шетелдік  статистикада  барлық 
табыстар  сомасы  ретінде  анықтайды:  жалақы,  рента,  пайыз, 
пайда. 


Экономикалық теория 
 
115 
Өзіндік  табыс  –  ол,  үй  шаруашылығының  барлық 
табыстары  және трансферттік төлемдер. 
Тиісті табыс  = өзіндік табыстан салықты алу.    
Соңғы  уақытта  ЖҰӨ  құрылымына  тағы  бір  көрсеткіш  – 
таза  экономикалық  молшылық  (ТЭМ)  қосылуда.  ЖҰӨ 
көрсеткішінде  халықтың  бос  уақыты  ескерілмейді.  Бос  уақыт 
мөлшері  жан  басына  шаққандағы  ұлттық  табыс  секілді 
мемлекеттің  әлеуметтік-экономикалық  даму  деңгейі  сипаттайды. 
Американдық  экономистер  У.Нордхаус  және  Дж.Тобин  ЖҰӨ 
теріс факторларды мәселен, табиғи ортаның ластануын және 
нарықтық  емес  қызметтерінен  құнның  қосылуынан,  сонымен 
қатар  бос  уақытты  бағалауды  шегеріп  түзейтін,  таза 
экономикалық молшылық (ТЭМ) көрсеткішін айналымға енгізді.  
ҰЕЖ  барынша  толық  біріктірме  көрсеткіші  ең  тұрақты, 
объективті  және  нарықтық  ауытқулармен  бекітілген  көрсеткіш 
ұлттық байлық (ҰБ) болып табылады. Ұлттық байлық өз алдына 
нақты  бір  тарихи  датаға  мемлекеттің  даму  тарихы  кезеңінде 
мемлекеттің дамуының белгілі бір  нәтижесін білдіреді. Ұлттық 
байлық  жыл  сайын  өндірілген  ЖҰӨ  өседі.  ҰБ  мөлшеріне 
мемлекеттегі  экономикалық  өсуді  айқындайтын  абсолютті 
барлық факторлар әсер  етеді.  ҰБ құрылымы – бұл, ең алдымен, 
негізгі  және  айналмалы  өндірістік  қорлар  (станок,  машина, 
жабдық,  шикізат  пен  материалдар  қоры),  материалды  және 
рухани 
құндылықтар 
(кітапхана, 
сәулет 
құрылыстары, 
мұражай),  дайын  өнім  қорларының  жиынтығы,  мемлекеттің 
стратегиялық  қорларының  барлық  түрлері,  халық  мүліктері, 
яғни  ұзақ  мерзімді  қолданылатын  тауарлар,  шаруашылық 
айналымда  барланған  және  қолданылатын  табиғи  ресурстар, 
мемлекеттің  рухани  байлықтары,  ғылыми-техникалық  ойлары, 
жинақталған  ақпараттық  ресурстары,  білім  беру  деңгейі  және 
қоғамның адам капиталын құрайтын т.б. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   117




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет