Экономикалық теория
117
Егер, нақты ЖҰӨ жылдық өсімі 4%-дан артса, онда
экономика жағдайы қанағатты, ал 4%-дан төмен болса, онда
өндірістің деңгейі төмендеу және жұмыссыздық өседі.
ҰЕЖ қарастырылған барлық көрсеткіштерін жиынтық
ретінде ғана емес, сонымен қатар, жан басына шаққанда есептеу
қажет. Бұл көрсеткіш мемлекет дамуының деңгейін, оның
халқының ауқаттылығының деңгейін сипаттайды. Қытай өндіріс
көлемі бойынша АҚШ-тан кейін екінші орында. Бірақ егер
өндірісті жан басына шаққандағыдай есептесе, онда Қытай
көшбасшылықтан ары, тоғызыншы ондықта болар. Бұл
көрсеткіштер бойынша жетекші орында Швейцария, Швеция,
Голландия, Скандинав елдері болады.
Бір адам басына келетін ЖІӨ ҚР 2011 ж. 11000 долл.
болды. Сонымен қаралған макроэкономикалық көрсеткіштер
негізі – елдердің экономикасының әртүрлі жағын көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: