Дәріс сабақтары 1 Кәсіби оқытудың мазмұны және міндеттері


Оқу процессің ұйымдастыру



Pdf көрінісі
бет29/32
Дата24.08.2020
өлшемі0,51 Mb.
#76803
түріСабақ
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   32
Байланысты:
лекцииМПТД каз

 

 

3.Оқу процессің ұйымдастыру  



3.1  Кәсіби оқыту педагогының оқу жұмысын жоспарлау және даярлау  

Оқыту  процесі  –  оқытушылар  мен  студенттердің  бірлесіп  жасайтын  іс-

əрекетін қамтитын екі жақты процесс. Бірақта орта мектепке қарағанда жоғары 

мектеп  студенттерінің  оқу  қызметінде  өзіндік  жұмыстары  анағұрлым  артық 

болуға  тиісті.  Жоғары  мектепте  студенттің  шын  мəнінде  оқу  процесінің 

субъектісі екенін айқын көруге болады, жоғары мектепте студенттің оқу-таным 

əрекеті жоғары дəрежеге көтеріледі. Жоғары мектепте оқылатын ғылымдардың 

мазмұны,  көлемі,  тарихы  орта  мектепке  қарағанда,  анағұрлым  артады  жəне 

күрделенеді.  



Оқу  пəнінің  əдістемесі  –  тəрбиенің  жалпы  мақсатына,  оқудың 

міндеттеріне,  оқушылардың  жас  ерекшіліктеріне  сай  келетін  жəне  ұсынылған 

оқу  пəнінің  мазмұны,  оқуды  ұйымдастыру  жəне  түрлері,  міндеттері  туралы 

ғылым.   

Оқу  пəндерінің  əдістемесі  педагогикалық  ғылымның  нақтырақ  айтсақ 

оқытудың  жалпы  теориялық  (дидактиканың)  саласы  болып  келеді.  Әрбір  оқу 

пəнінің  əдістемесі  –  базалық  ғылымдарға  сəйкес  əдістерді  жəне  арнайы 

мазмұнын қамтиды. Әдістемелік ғылымдардың өздерінің ғылыми зерттеулерінің 

əдістері  болады.  Осылардың  барлығына  негізгі  жəне  жалпы  əдістер  болып 

табылады. 



Жоспар  -  оқу-тəрбие  процесін  дұрыс  ұйымдастырудың  негізі.  Сабақтың 

табысты өтуі үшін іргелі даярлық қажет. Оның негізгі бөлігі жоспарлау болып 

табылады. Оқу сабағын жоспарлаудың екі түрі бар: 

1. 


Күнделікті; 

2. 


Перспективті. 

Перспективті  жоспарлаудың  мақсаты  оқу  материалын  үйренудің 

логикалық  жүйесін  белгілейді.  Келесі  оқу  жылының  жүктемесі  осы  оқу 

жылының  аяғында  белгілі  болатындықтан,  алдын  ала  жұмыс  жоспарын 

жасаудың  мүмкіндігі  бар.  Оқу  қызметінің  перспективі  жоспарын  жасау  үшін 

мұғалім төмендегілерді орындауы қажет: 

- бағдарламалық материалды тыңғылықты үйреніп, оған талдау жасау; 



 

36 


- пəнаралақ байланыстарды бкелгілеу; 

- мектептің материалдық-техникалық базасының мүмкіндіктерін бағалау, 

оны толықтыруға байланысты деректерді анықтау; 

- оқушылардың еңбек етуінің тұрлері мен мазмұнын анықтау; 

- техникалық құжаттарды дайындау, қажет құралдарды, материалдар мен 

көрнекі құралдарды, техникалық оқу құралдарын (ТОҚ) анықтау; 

- көрнекі  құралдарды,  кестелерді,  плакаттар  мен  оқу  əдебиеттерін 

дайындаудағы қиындықтарды анықтау.  



Оқу  жоспары  –  бұл  оқу  орындарының  берілген  түрдегі  оқу-тəрбие 

процестерінің  уақыты  мен  мерзімін,  жүйеліліктерін,  түрін,  көлемін, мазмұның 

анықтайтын мемлекеттік құжат. 

Бұл құжатта көрсетілген оқу пəндерінің тізімі, оларды үйрену жүйелілігі, 

əрбір  оқу  пəндерін   оқытуға  бөліп  берілген  сағаттар саны,  консультация  жəне 

емтихандар, сонымен қатар емтихандардың тізімі əрбір оқу тобы үшін міндетті 

болып табылады яғни кəсіби жəне орта мектеп білім берудің рұқсатсыз өзгертілуі 

мүмкін емес. 

Кең  мағынада  оқу  жоспары  дегеніміз  –  оқыту  процесін  жəне  мазмұның 

белгілейтін барлық оқу-бағдарламасының құжаттануын айтамыз. Оқу жоспары 

оқу  орындарының  түрін,  оның  мақсаты  мен  міндеттерін,  оқушылардың 

контингентін жəне олардың оқу мерзімін анықтайтын мемлекеттік директивтік 

құжаттардың негізінде жасалады. 

Календарлық жоспар 1 жылға, жарты жылға, тоқсанға арналып жасалуы 

мүмкін. Жоспар құрастырудың бірегей формасы жоқ, əр мұғалім бұл жұмысқа 

жекеше шығармашылық тұрғыдан қарайды. 

 -  бағдарлама  мен  əдістемелік  ұсыныстарды  оқып  шығып,  жыл  бойына 

берілген  сабақтарды  бөлімдер  мен  тақырыптар  бойынша  ойластыру  негізінде 

құрылады. Жоспарлау мұғалімнің сабақ мазмұны мен реттілігін, мақсатын нақты 

анықтауына мүмкіндік береді. Күнтізбелік жоспар əр түрлі болады. 

1.  Өзіне-өзі  қызмет  көрсету  сабағында  оқулықпен  жұмыс істеу.  Өзіне-

өзі  қызмет  көрсету  сабағында  оқулық  мұғалімнің  маңызды  көмекшісі  болып 

табылады. Сондықтан оқушылардың оқулықпен жұмыс істей білуі маңызды рөл 

атқарады.  Бұл  əсіресе  сызбалары  мен  технологиялық  атаулары  бар  оқулықты 

алғаш рет пайдаланатын оқушыларына қатысты.  

Сабақтың  мазмұны  жəне  құрылымы  бағдарлама  бойынша  сабақтың 

мақсатына келетіндей етіп, мұғалім анықтайды. Ол үшін мұғалім сабақтың əрбір 

элеметіне кететін жұмыс уақытының  шамасын анықтауға тиіс. 

Оқу  пəндерінің  бағдарламасы  –  бұл  теориялық  жəне  практикалық 

мəліметтердің  оқытылу  бірізділігін,  мазмұнын,  міндетті  көлемін  анықтайтын 

мемлекеттік құжат. 

Оқу  бағдарламасы  оқу  жоспарындағы  əрбір  пəнге  жасалады.  Оқу 

бағдарламасы  орта  мектептердің  жəне  кəсіби  -  техникалық  мектептердің 

мұғалімдері үшін міндетті түрде қажет. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   32




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет