Исламдағы тазалық
харамға бастайтын барлық нәрсе харам
Қандай да бір нашар нәрсеге тосқауыл қою сол
нәрсеге тыйым салу арқылы жүзеге асады. Сондықтан,
Ислам дінінің харам мәселесіндегі ұстанымы да дәл
осылай. Мәселен, Ислам діні пайыз алуды да, беруді
де харам қылған. Мақсат пайыз алып-берушіні жаза-
лау емес, мақсат – осы күнәнің алдын алу. Бұл үшін
жазамен ғана шектеліп қалу жеткілікті болмас еді.
Күнәні мүмкіндігінше болдырмаудың жолы соған апа-
ратын барлық факторларды ескеру. осы себепті пай-
ызды алып-берумен бірге, пайызға делдалдық және
хатшылық жасауға да тыйым салынған.
Достарыңызбен бөлісу: |