Алматы 2010 Құдайберді бағАшАр Исламдағы тазалық


Табыстың адалдығы мен кірістің тазалығы



Pdf көрінісі
бет176/223
Дата26.08.2020
өлшемі1,35 Mb.
#76877
1   ...   172   173   174   175   176   177   178   179   ...   223
Байланысты:
Islamda 1171 y tazaly 1179

Табыстың адалдығы мен кірістің тазалығы
осыған ұқсас тағы бір аятта бұл жайды одан әрі аша 
түседі: «Ей, иман еткендер! Сендер үшін халал ризық 
еткен нәрселерден жеңдер, егер Аллаһқа шынайы құл 
болсаңдар шүкіршілік жасаңдар»
128
. 
Міне, егер Аллаһқа саналы түрде құлшылық жасау 
қажет  болса,  халал,  таза  етіп  жаратқан  ризықтарды 
тұтынумен қатар, шүкіршілік ету қажет. 
«Маида» сүресіндегі мына аяттар да Ислам дінінде 
ненің халал, ненің харам екенін айқын білдірген:
«Өлік, қан, доңыз еті, Аллаһ тағаладан басқаның 
атына сойылған малдар, (жаны шықпай тұрып бауыз-
далмай) тұншығып өлген, бір жерінен атып өлтірілген, 
құлап (домалап) өлген, (басқа жануар немесе мал та-
рапынан) сүзіп өлтірілген, жыртқыш хайуандар тара-
пынан желінген және тігулі (пұт) тастардың атына 
сойылған малдарды жеу әрі пал оқтарымен сәттілік 
іздеу сіздерге харам қылынды»
129
.
Бұларды  халал  есебінде  қолданатын  халықтар 
да  бар.  Алайда  Аллаһ  тағала  таза  әрі  мінсіз  болмыс-
пен  жаратқан  құлдарына  кір,  лас  болып  табылатын 
нәрселерді лайық көрмейді. Сондықтан болар: 
«Таза  болатындар  тазаларға  лайықты»
130
  деген 
қағида  негізінде  Ислам  діні  мұсылмандарға  лайықты 
емес нәрселерге тыйым салған. 
Тазалық  дінімізде  өте  маңызды  болғандықтан 
тұтынатын нәрселеріміздің таза болуына мән бергені-
міз жөн. Ендеше, тұтынылатын азықтардың тазалығы 
мен халалдығына тереңірек назар аударайық.
128
 «Бақара» сүресі, 2/172
129
 «Мәида» сүресі, 5/3
130
 «Нұр» сүресі, 24/26


168


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   172   173   174   175   176   177   178   179   ...   223




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет