Исламдағы тазалық
өзінің қорығы бар. Аллаһтың қорығы болса харам
қылған нәрселері болып табылады»
135
, – деген.
халал кіріс көздері
Әрбір азамат өз елінің басқа елдердің көшінен кері
қалып қоймауы үшін еңбек етіп, тер төгері анық. Бұған
қоса кез-келген мұсылман тек қарақан басын ғана ой-
ламауы тиіс. Табыс табу жолында өте абай болатын
жағдайлар бар екендігін ұмытпауымыз керек.
Ислам діні бойынша баршаға ортақ игілікке
берілген үш нәрсе бар, бұлар: су, от (энергия ресурста-
ры) және жер. Бұларды қоспағанда әрбір адам, діннің
рұқсат еткен салаларында табыс табуына және мүлік
иесі болуына болады. Кейбір Ислам ғұламалары осы үш
нәрсеге төртіншісі ретінде табиғи кеніштерді қосады.
Дегенмен, көптеген ислам ғұламалары табиғи кендерді
жеке меншікке жатқызады. Яғни, жеке тұлғалар табиғи
кеніштерді пайдалана отырып, мемлекетке алым-
салығын төлесе, тапқан табысы өзінің жеке меншігіне
айналатынын алға тартқан.
Ислам дінінің пайда табу көздері ретінде рұқсат
берген салалар бүкіл қоғамның экономикалық өмірін
дамыта алатындай жеткілікті мөлшерде болып табы-
лады. Аллаһ тағала экономикалық өмірде тыйымдар-
ды анық белгілеген. Ислам діні бойынша, пайыз алу
және беру, алдап табыс табу, қара базар (контрабанда,
заңсыз сауда-саттық, т.б.), пара алу және (биржалық)
спекуляцияның барлығы харам. Аллаһ тағала Құранда
адамдарды әрдайым заңды түрде жұмыс жасап, заңды
жолдардан табыс табуға үндейді.
135
Бухари, әл-Буйю 2; Мүслим, әл-Мусақат 107, Тирмизи, әл-Буйю 1.
173
Достарыңызбен бөлісу: |